Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от аноним в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Түндік – киіз үй шаңырағын жабатын киіз. Төртбұрышты пішіліп, шаңырақ диаметірінен 50-60 сантиметрдей молдау жасалады.
ответил от аноним
Түндік– Бұл сөзді естігенде, киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз еске түседі. «Киіз үйдің туырлық, түндігін, шилерін де былай қояйық» (М. Дүйсенов, Ант). Ертедегі түркі тайпаларында «туңлуқ» сөзі қазіргі түсінігіміздегі «терезе» мағынасында қолданылған. Осы мағына якут тілінде «түннүк» тұлғасымен беріледі. Осылардың қайсысы болмасын туынды мағыналар деп қарауға тура келеді. Өйткені, ескі, көне түркі тілдері саналатын — чуваштарда «теенни» сөзі «тесік, саңылау» мағыналарында қолданылады. моңғол тілінде осымен тұлғалас келетін «тооно» тұлғасы біздегі «шаңырақ» түсінігін береді. Бұл да туынды мағына. Біздің тілімізде «тесік» мағынасын беретін «теенни» тұлғасына тиісті жұрнақ қосылуы нәтижесінде (теенни + дік > тендік > түндік) киіз үйге әрі жарық беретін, әрі түтін шығатын «түндік» атауы пайда болған. Ол тесікті қажетті кезде жауып тұратын киіз де осы атауға ие болған.

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от аноним в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от аноним в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от аноним в категории Школы
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ