Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ат тергеу. Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары өте көп. Солардың бірі болып ат тергеу саналады. Халқымыздың дәстүрі бойынша жас келіндер, әйелдер атасының, қайнағасының, қайны-інісінің, қайын-сіңлісінің атын атамайтын және өзіне лайықты есімін қойған. Мысалыға, қайнағасына – мырза қайнаға, би қайнаға, атасына – бай атам, қайын – інісіне – жалқы бала, төре бала, тентегім, еркем, ал егер әйел болса шебер шешей, ақ әже, сырғалым, шашбаулым, күлім көз деп атайды. Жеңгелері небір күлкүлі ат та қоя береді.  Мысалы : сұңғақтым, жайбасарларды жүйрігім және тағы басқа. Мұның бәрі шын мәнінде сйластық пен құрметтің аса бір ерекше түрі болып есептелінеді. Ер адамдарда ақсақалдар мен өзінен үлкендерді  «атаң, әкең, ереке, сәке» деп құрметтеген. Ат тергеу сыйластықтың, көрегенділіктің, кішіпейілділіктің аса бір ерекше тұрі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып есептелінген.
Баяғыда жолаушылар су әкеле жатқан әйелден «бұл кімнің ауылы» деп сұраған екен. Сонда жас келіншек «өзінде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы» депті. Сөйтсе бұл ауыл Көті бар деген ауыл екен.
Ат тергеу басқа жағдайларда да қолданылады. Мысалыға:  халқымыз қасқырды «ит-құс» десе, қарасан ауруларды «әулие» деп атаған. Бұл атаулар бізден осындай ауралар аулақ жүрсін деген ниетпен айтылған.
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ