Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
беташар сөздері керек еді толық
спросил от Saiynbek_pro в категории Казахские традиции

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Қабдыкәрім Ыдырысов
Ал, ағайын, ағайын,
Құтқа толы маңайың.
Күнде көріп жүрсем де
Тағы байқап қарайын.
Кімдер тойда риза екен,
Кімдер тойда мырза екен?

Ал, ағайын, ағайын,
Келін жаққа барайын.
Бір кәдеге жарайын,
Ертіп келіп келінді
Көрімдікті алайын.

Ал, ағайын, ағайын,
Сәл тыныштық алайын.
Қолға қонды бақ құсың,
Күтіп баптап бағайық,
Міне, келін келіп тұр,
Босағаға еніп тұр,
Бұл әлемнен табылмас
Мұндай сұлу, көрікті.
Мұндай жібек мінезді
Дүниедегі бір өзі.
Еңбек етіп жасынан
Елге атағын асырған
Жақсы келін,
жас келін
Бақ айырмас басыңнан.
Айналайын, жас келін,
Қаумалаған жақсы елің.
Құтты болсын қадамың,
Кел, қарағым, хош келдің.
Міне, ең үлкен қайнағаң,
Орыны бар ойлы ағаң.
Кеудесінде жұлдызы,
Жарқыраған, жайнаған.
Қашан бұны көрсең де,
Жұрттың қамын ойлаған.
Ел ағасы Ерекең
Бүгін тойын тойлаған,

Қайнағаңа бір сәлем!

Бәріміздің анамыз,
Бәріміздің панамыз,
Бұл кісінің алдында
Бәріміз де баламыз,
Ақ апаға бір сәлемі
Ұстап алып сирақтан
Талай жауды қиратқан.
Аманолла батырың —
Мына жігіт зіл батпан.
Қайраты мол қайнаған,
Ешбір тойдан қалмаған.
Трактордай асаудың
Құлағында ойнаған,
Әбекеңе бір салем!
Ә, жігіттер, былай тұр,
Домбыраны бұрай тұр.
Міне, келін, жас қайның
Бір совхозда бухгалтер.
Болсын мұндай жас қайын,
Десе де: «Бос шашпайды»,
Жиын-тойға келгенде
Еш жолыңнан қашпайды,
Жас қайныға бір сәлем!
Мына отырған жеңгеміз,
Талай жеңге көргеміз.
Халекеңнің қасында
Жеңге емес еңгеңіз.
Жақсы қонақ келгенде
Ұшар жатар теңгеңіз
Қалта қалса жұқарып,
Жеңгемізге сеңгеміз.
Жолың болсын жеңешем,
Келін, келін, келінжан,
Халекеңе бір сәлем!
Бәріңде де бар сана,
Келін, келін, шаршама.
Иіліп сәлем бере ғой,
Мына отырған баршаға.
Бәрі сенің туысың,
Бәрі сенің ырысың.
Халқым, саған рақмет!
Менің бітті жумысым!
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Беташар                              Фариза Оңғарсынова
Ау, ағайын, ағайын!
Домбырамды алайын.
Күмбірлетіп қағайын.
Бүгін біздің ауылға,
Қызығыңдар талайың.
Таудай нұрлы көзі бар,
Қылығына қарасаң,
Өзі шекер, өзі бал.
Жаздай жайлы жаналы,
Қиылған қос қабағы,
Келін елге бақ болар,
Құтты болсын қадамы,
Ал жақындап келіңдер,
Бет ашамын – көріңдер.
Айдай келін баланы!
Ел ардақты сыйлыны,
Көңіліңе түй мұны.
Басқа ауылдың бір гүлін,
Бұл ауылдың сүйді ұлы.
Қызға келін болу хақ,
Бұл да алланың бұйрығы!
Осы ауылдың ағасы,
Асқар таудай панасы,
Елдің алтын жағасы,
Үй болды деп немерем
Жайрандауын қарашы –
Анау тұрған қарт атаң,
Сыйлап жақсы көргейсің,
Иіліп сәлем бергейсің!
Қырау шалған самайын,
Қадір тұтқан ағайын,
Анау әкең өсірген.
Жайсаң ұлдың талайын.
Бағам деп жүр әлі де
Шөберенің талайын –
Әкеңізге бір сәлем!
Елдің даңқын да асырған
Қайын атаң бір асыл жан,
Аярым жоқ ұлдан деп,
Осы тойға шашылған
Қайын атаңа, келінжан,
Иіліп сәлем еткейсің!
Ұл мен ұлдың бейнетін,
Жастайынан көп көрген.
Қайын енеңе сүйкімді
Бола алмасаң көктер ме ең?!
Осы тойды армандап,
Талай түнін өткерген,
Қайын енеңе бір сәлем!
Анау асқар қйнағаң,
Қайнаға да   сыйлы адам.
Сыйлап жүрсең үлкенді,
Аялайды айналаң,
Қайнағаңа бір сәлем!
Келген мынау текті елің,
Келген елді жатырқап,
Уайым қайғы шекпегін,
Сыйласар да сырласар
Абысының көп сенің
Келіндікке үйретер,
Солар болар мектебің.
Әр отаудың әріне,
Ағалардың сәніне –
Абысынның бәріне –
Жас келіннен бір сәлем!
Тал шыбықтай бұралған,
Шашын өріп сыланған,
Ат қойды деп жас жеңге
Бәрі бірдей қуанған.
Гүлдей қайын сіңлілер
Өзіңменен бір жүрер,
Бірге ренжіп, бір күлер
Сіңлілерге бір сәлем!
Бұл ауылдың ұлдары,
Жұрт қызығар тұлғалы.
Жеңгемізді көрсек деп,
Көрімдігін берсек деп
Қайныларың тұр бәрі!
Қайныларың – қорғаның,
Қайың талды орманың,
Сен де абысын боларсың –
Ойластырғың жол жағың,
Қайныларға бір сәлем!
Ал келінжан, келінжан,
Сүйкімді бол еліңе,
Жарасты бол теңіне!
Келін алтын босаға,
Келін сырлас, дос, ана,
Береке бол, бақыт бол,
Мынау келген жеріңе,
Құшақ ашқан еліңе!
Қадамыңа гүл біткей,
Құттықтаймын сені де!
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Әсет Найманбаев
Бет ашайын, гүл ерке
Ахуалыңды айт, келін!
Бұйрықпен келдің бұл елге,
Үйдегі қамнан қайт, келін!
Тұнық судай таза боп,
Жақсы жолды тап келін!
Бойыңды кірсіз таза қыл,
Жұмыртқадай ақ келін.
Жаман жолдан жырақ бол,
Сауысқаннан сақ келін!
Шын пейілмен қызмет қып,
Ата-енеңе жақ, келін.

Келін келді, көріңіз!
Көрімдігін беріңіз!
Берем деп босқа жұбатпай,
Атын атап қойыңыз!
Атасына бір сәлем!

Орынсызға сөз қатып,
Күнәға батпа, келіншек,
Байыңнан брын төсекке
Өзің жатпа, келіншек!
Үй басына қыдырып,
Өсек айтпа, келіншек!
Ата енең жұмсаса,
Бола көрме еріншек,
Байлап сауған малыңды,
Басқа соқпа, келіншек!
Мал қадірін көп ойла,
Шын насихат айтамын,
Бүгін келген келімсек!
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз,
Беретұғын малыңнын
Түсін айтып қойыңыз.
Енесіне бір сәлем!
Ғайыптан бұлбұл кез болды
Гүл бақшаға қонғалы;
Алла нәсіп қылған соң,
Бір жртқа ана болғалы;
Құтты болсын орныңыз,
Мақтау сөзге толғалы;
Қайнаға, қайын баршалар,
Разы, қошуақ болғалы;
Қайнағаларға бір сәлем!
Ризықты алла бұйырды
Өз жұртыңнан жат елге,
Өмір берсін құдайым,
Некелеен жас ерге!
Енді сөзді тәмамдап,
Тоқтау қылдық бұл жерге.
Бүркеншігін ашайын,
Асыл жүзін көріңіз;
Төрде отырған аталар,
Әмин деп бата беріңіз!
Барша көпке бір сәлем!
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Уа, халайық, бет аштым,
Беташар алып қолыма.
Бақыт қонсын, келінжан,
Бас қоса келген жолыңа.
Жақсы атансаң ауылға,
Желің шығар оңына.
Жаман болсаң, келінжан,
Абысын түсер соңыңа.
Сабырлы бол, ашусыз,
Ақыл бітпес жолыға.
Асың болса елге бар,
Қызғанып жұрттан қорыма.
Ақсақал келсе, әдеппен,
Су құйып бер қолына.
Кіші келсе дүңкимей,
Шырайлы қарсы ал оны да.
Ғұрыптарды күте біл,
Қарама оның тонына.
Көршіңмен тату бола біл,
Шөп салма жанның жолына.
Бар болсаң аспа мақтанып,
Сабырмен қара жоғыңа.
Өнерпаз болда өрге бас,
Үлгі бол жастар тобына.
Ал, айт, келін, айт, келін,
Атыңның басын тарт, келін.
Жұмыртқадан ақ келін,
Періштеден пәк, келін,
Сауысқаннан сақ, келін,
Ата-анаңның жолы сол
Еріңнің көңілін тап, келін.
Ел ісіне үлес қос,
Аймағыңа жақ келін,
Ал, келіншек, келіншек,
Келіншек болма еріншек.
Үлкендерді көргенде
Орныңнан тұр келіншек,
Қарсы келсе қарт адам,
Қайқаңдама, келіншек.
Байым жақсы көрді деп,
Тайтаңдама, келіншек.
Бірден-бірге сөз тасып,
Сыпсыңдама, келіншек.
Жабығынан әр үйдің,
Тың тыңдама келіншек.
Ерте тұр да шаруа қыл,
Келін жан, болма еріншек!
Ал, ақсақал ағалар,
Әжей, жеңгей, аналар,
Құрбы-құрдас, балалар,
Жас келінді көріңдер,
Көрімдігін беріңдер.
Жақсы тілек, ақ бата,
Арнаңыздар келінге.
Жақсы келін келіпті,
Оң аяқпен еніпті.
Екі жақта ата-ана,
Ақ батасын беріпті.
Ақыл айтсаң ұғатын,
Әр көңілден шығатын,
Келіндерің көрікті,
Бұл сөзіме меніңдер.
Ал, келінжан, келінжан,
Сізде бері келіңіз,
Ел-жұртыңды көріңіз!
Құтты болсын сізге де,
Бас қоса келген жеріңіз!
Нұр жүзіңді аш-тағы,
Бір адым алға бас-тағы,
Осы отырған қауымға
Иіліп сәлем беріңіз!
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов