Мінездеме
М. Оспанов атындағы БҚММУ - нің фармацевтикалық факультетінің V курс студенттері «Фармакогнозия» өндірістік тәжірибесінен өту барысында Университет қабырғасынан алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды.
«Зерде-Фито» ЖШС өндірістік базасында студенттер мамандықтарының нағыз шебері бола алатындығын көрсетті.
Тәжірибе барысында Дәрілік Өсімдік Шикізатының сақталуы, таңба-лануы, орамдалуы, қапталуы секілді үрдістерді игере білді. Өндірісте қолданылатын дәрілік өсімдіктердің таралу аймақтары, отандарын, жинау және дайындау ережелерімен толық танысты.
Барлық тәжірибеге қатысқан 501 – 502 топтарының студенттерінің деонтологиялық негіздері мықты екендіктерін өндіріс мамандарымен жұмыс жасау кезінде қарым-қатынастарынан аңғардық.
«Зерде-Фито» ЖШС өндіріс бастығы Жуматаев М. Ж.