Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бензой қышқылын алу

Реактивтер: 4г (0,87 мл) толуол

12,4г калий перманганаты

25% тұз қышқылы

Құрал-жабдықтар: кең мойынды түбі домалақ колба ( сыйымдылығы 300-500 мл)-1 дана

Мұздатқыш,механикалық араластырғыш.

Құрылғының құрылысы: колбаны араластырғышпен екі түтікшелі тығынмен бекітіп, мұздатқышқа орнатылады. Содан колбаны су  моншасына салады.

Колбаға 4г толуолды енгізеді (абайла! Толуол улы!). 12,4г ұсақ ұнтақталған калий перманганатын және 200мл су құяды. Колбаны қайнап тұрған су моншасында үнемі араластыра отырып, 3 сағат қыздырамыз.

Егер ерітінді ақшыл қызыл(розовый) түске енсе, оған бірнеше тамшы спирт тамызады.

Суыған соң, қоспаны марганец екі тотығымен сүзеді (фильтрлейді), фильтр қағазындағы тұнбаны екі рет, аз мөлшерде сумен шаяды. Қосылған фильтратты көлемі 50-60г болғанша буландырады, марганец екі тотығымен қайта фильтрленеді, фильтрдегі тұнба ыстық сумен шайылады. Қосырған фильтратты  25% тұз қышқылымен қышқылдандырылады (рН~3). Бюхнер шұңғымасында бензой қышқылы тұнбаға түседі,  тұнбаны аз мөлшерде салқын сумен шайылады. Алдымен фильтр қағазында, содан соң, фосфор бес тотығымен эксикаторда кептіріледі.

Бензой қышқылын  судан (1г зат 12мл қайнаған суда ерітіледі) немесе спирттен (1г 0,7 мл) немесе айдау арқылы тазалауға болады.

Бензой қышқылы құм моншасында оңай айдалады. Препарат шығымы 75% жуық.

Препараттың сапасын тексергендесыртты түріне,балқу температурасына және фталь қышқылының жоқтығына мән беру қажет.

Ескерту! Ерітінді қыздырғаннан кейін  келесі сабаққа қалдыруға болады.

Натрий бензоат алу.

Реактивтер: 4,88г бензой қышқылы

3,36г натрий гидрокарбонаты

Құрал-жабдықтар: буландырғыш ыдыс (сыйымдылығы 250мл) -1 дана

Буландырғыш ыдысқа 4,88г бензой қышқылын және 3,36г натрий гидрокарбонаты салынып, үстіне аз көлемде (10мл) су құйылады, түзілген қоймалжынды (кашицу) шыны таяқшамен араластырып, 10 минутқа қалдырылады. Сол кезде көп мөлшерде көмірқышқылы бөлінеді (реакцияның ортасы тексеріледі, қышқылдық орта болуы керек),қоспаны  су моншасында (50-60ºС), сұйықтық толық буланғанша қыздырылады.

Қалдықты кептіргіш шкафта 80ºС –тан төмен температурада кептіріледі. Препарат шығымы 80%жуық.

Сапасын бақылауда мөлдірлігіне және ерітінді түстілігіне, сілтілігіне және қышқылдылығына көңіл бөлу керек.

Ортаны тексеру: препараттың аз мөлшерін сумен, жай қыздырып ( көмірқышқылы толық жоғалғанша) ,ертінді көк лакмус қағазымен тексеріледі. Егер орта сілтілі болса, бензой қышқылын әлсіз қышқыл реакцияға айналғанша қосады.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов