Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Туған жерім – тұғырым
Туған жердей – жер болмас,
Туған елдей – ел болмас, - дегендей, әр адамның өз туған елін, туған жерін мақтан етеді ғой. Мен де сол сезіммен бөліскім келеді.
      Мен негізгі Зеренді ауданы Бұлақ ауылының тумасымын. Бұлақ ауылы кіндік тамған ауылым болған соң, кішкене болса да туған ауылым туралы айтып кетейін.
   Бұлақ ауылының өз тарихы да бар. Бірақ, тарихын жазып қайтейін. Туған ауылымның кереметтілігін айтайын.  Ауылым кішкентай болғанымен, ауыл тұрғындары  мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл тұрғындары мейірімді, жомарт жандар. Бір-біріне деген ықыластары өте зор. Көмек керек кезде қол ұштарын созады. Әр үйдің ауласы таза, қоршалған. Табиғаты көз тартарлықтай. Суы таза, мөп-мөлдір.
    Әр адамзат баласы өз туған жерін жақсы көреді, құрметпен бас иеді. Әңгімелеп бер десе, әр қазақ баласы сөздің майын тамызып, мақтаныш сезіммен айтып береді қой, шіркін!
    Ұлан байтақ, жері бай еліміз Қазақстан елінде өмір сүріп жатқанымыз қуантарлық жағдай. Қазақстан елінің әсем қалаларының бірі Көкшетау қаласында тұрамын.  Ұстаздық қызмет атқарамын.
Көкшетау қаласы көрікті қалалардың бірі деп есептеймін. Себебі, Көкшетау өңірін жырлаған ақындарда аз емес. Көкшетау қаласының көрікті жерлері де бар. Өзіне көркі сай Бурабай жерін атап айтуға болады. Жұмбақтас, Бурабай тауы мен демалатын демалыс курорты да бар.
Көкшетау қаласы жылдан жылға көркейіп, дамып келеді. Жаяу шығып та саяхаттап, аралап шығуға да болады. Биылғы қыс қалашығы да ерекше сәндетіп жасалған. Қала тұрғындарының көбі қала саябағына және қыс қалашығына барып демалады. Қарап тура бергің келеді...
    Концерт, театр қойылымдарын көрсетіп, қала тұрғындарын қуантып қоятын мекеме Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театры жұмыс жасайды.
Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрының ұжымына алғысым шексіз.
Мен жиі барып тұрамын. Арнайы сайтына кіріп, қандай қойылылымдар болатындығын біліп, қойылымдарды тамашалаймын. Көрген қойылымнан тамаша әсер аласың. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге барып, тамашалауға кеңес беремін.
   Міне, менің туған жерім, туған қалам! Көкшетау қаласының көрікті жерлерімен, туған ауылымның жерлестерімен мақтанамын. Әр адамзат баласы өз елінің тумасы ретінде өз елін сүю міндетті деп санаймын.
Еліміз жасай берсін! Қаламыз көркейе берсін! Ауылымызды ұмытпайық, ағайын!
Шығарманы жазған: бастауыш сынып мұғалімі Маемирова Тазагуль Бакытовна
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы