Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
«Ұлы бабалар арқасы»
Айтылады әлі талай аңыз болып,
Батырлардың өшпес-өлмес ерліктері.
Отан үшін қасықтай жанын беріп,
Біздер үшін қандай күн кешкенді.
Соғысы мәңгі есте Ұлы Отан,
Талай қазақ батыры құрбан болған.
Ол күндердің әр минуты ұмыт емес,
Минутында бір батыр айтылмаған.
Жоспар:
І. Басынан не өткізбеді біздің қазақ...
ІІ. Заманы ерте есейткен жастық шақ
    а) Бала болып ойнамады,  түзу ұйықтап керілмеді.
     ә) Қайсар батырларымызбен мақтанамыз.
ІІІ.. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
       Биліктің бәрі патша үкіметінің қолында болған кез еді. Қилы заманнан, қилы заманды бастан кешіп, сонау 15 ғасырдан бері ешбір жауға да өмірдің ыстық суығына да берілмей,  ұраны бірлік болып, сенгені жалғыз Алла боп, ұлаңғайыр дархан далада көңілі көктемдей, пейілі өз жеріндей кең болған, қазақ дейтін батыр да қайсар халық өмірі тағыда қиындай бастаған еді. Бұған себеп кешегі 18 ғасырда аждаһардай адуынды аяусыз жаралған Жоңғар, Қалмақ сынды жаулардың тоқтаусыз қазақ еліне жасаған жорықтары болса, ал 19 ғасырда қазақ халқының толықтай билеушісіне айналғысы келген, қазақ деген ел жер жүзінде болмаған деп, қазақты жойып, жерін өзіне қаратып алғысы келген, патша үкіметінің құйтұрқы саясаты мен жалған жала жабуынанда қазақ халқы өте көп зардап шекті.
    Сол жылдары билік басында болған ысқырған Сталиннің 1929-1932 жылдардағы қазақ өміріне жасаған қастандығы қазақ халқын түбегейлі жойып жіберуе шақ қалған еді.
     Милиондаған қазақтың ұл-қызы, қарттары мен жастары сол жылдардағы аштықтың құрбаны болып өте аянышты халде өмірден өтіп жатты.  
    Алла деп, қайсарлығы мен төзімділігінің арқасында аштықтанда жеңілмей  өтіп, енді қазақтан қазақ көбейер дей берген кезде, кешегі аштықтан аман қалған қазақтың ұрпағын тағыда бір күтпеген 1941 жылы ...айында «Ұлы Отан» деп аталатын соғыс күтіп тұрған еді. Еш ескертусіз басқаның жеріне басып кірген фашисттер қазақты ғана емес, көптеген ұлт өкілдерінің басына төнген қауіп болды. Соғыс басталғанын ести сала қолдарына қаруын алып Отанды қорғауға дайындалып, талайдаған қазақтың батыр да қайсар азаматтары, бірі ата-ана қарындасын тастап, бірі бала -шаға әйелін тастап, бірі жастық шақтың жалындаған күнін тастап, соғыс ерте есейткендей, жас ересек деп қаралмай майданға тартылып кете барды.
  Әскер машинасы мен қара поездің ішіне Отанын жаудан қорғауға аттанып бара жатқан көптеген қазақ-орыстың боз балалары, өмірлерін Отан үшін бел буғандай, еш қаймықпастан жасы жеткен ақ жаулықты ана мен асқар таудай әкенің, балам, аман-есен оралғайсың, деген сөзіне еш үн қатпастан, іштей Отан үшін ер боп өлсем деген араны бардай, кешегі ата-бабасы жандарын құрбан етіп, ұлтарақтай жері болсын жау аяғын басқызбаған, Абылай Жәнібек Қасым хандардың ұрпағын енді міне 1941 жылдың күз айында қанды қырғын тағыда сынағына ала түсті.
  Бұл соғыс көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде қазаққа өте көп зардабын тигізді. Жасы он-онбеске әлі тола қоймаған қазақтың балалары қолдарына кетпендерін алып, ертемен қызу жұмысқа кірісіп күн шыққаннан күн батқанға шейін қаратерге малынып, майданға керекті азық-түлікті жинап, өздері қару алып соғыспасада, сырттай мол пайдасын тиізіп жатты. Көбісі бала болып ойнауды қойып, соғыстың кесірінен тым ерте есейіп, ағаларының артынан оларда соғысқа бір-бірлеп тартылып жатты.
  Осылай ел басына қауіп төңген кезде фашист әскері КСРО-ның жеріне басып кірен кезде, «Отаным» деп жаны шыққан қазақтың батыры көп  болмаса, аз болған жоқ. Мәселен он жеті жасар, енді бойжетіп гүл өмірі басталайын деп жатқан кезде, кеудесін намыс кернеп, Отанды қорғау міндетім деп, өз еркімен майданға аттанған қазақтың қайсар батыр қыздары Мәншүк, Хиуа, Әлия еді.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Бұл батыр әпкелеріміздің соғыста жасаған ерліктері, күллі қазақ қызына, тіпті әлем елдерінің бойжеткендеріне үлгі өнеге. Мергендігімен талай фашистің көзін жойған, пулиметімен жауды қынадай қырған,  Әлия Мәншүк әпкелеріміз ел есінде мәңгі сақтаулы.
  Темірдей тәртібімен жауынерлерін басқарып аса көрегенділігімен жаудың ордасын талай мәрте ойсыратып кеткен қазақтың үлгі тұтар азаматының бірі Бауыржан Момышұлы еді. Мінезімен жауын сескендірен «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деп жауынгерлерін нағыз батыр, ер жүрек етіп тәрбиелей білген, жаудың алдында бір сарбазы шегініп қашып көрмеген қазақтың қайсар қолбасшысы Бауыржан Момышұлы да Ұлы Отан соғысы тарихында ойып орын алар ірі тұлға,  қазақтын нағыз батыры, нағыз үлгі алуға тұрлық адамы ретінде бүгінгі заманда аты мәшһүр болған батыр десем артық айтқаным емес, егерде біреу меннен кімді үлгі тұтасын деп сұраған болса, мен іркілместен  Бауыржан Момышұлын айтар едім, батырдын көптеген ерліктері мен істеріне қайран қалып нағыз азамат болуды, сол кісі  айтқан сөздері арқылы үйреніп келемін.
Текті туған қазақтын нар тұлғасы,
Сол бір зұлмат заманның қарсыласы.
Ұлы Отан деп ажалдан қаймықпаған,
Менің пірім Бауыржан Момышұлы.

Бауыржан Момышұлы.  
Қандай ғажап есім десеңізші.
Осы есім мына менің кеудем дегі,
Шыңдайды намысым мен жігерімді.

Бауыржан Момышұлы.
Осы есім құлағыма естілгенде.
Есті жыйып келемінде өз-өзіме ,
Жан бітірем патриоттық сезіміме.

Момышұлы қазақтын Бауыржаны,
Фашисттерді сескендірген мінезімен .
Қазақтың қайтпас қайсар болса ұлы,
Ең бірінші мақтанып сізді айтар-ем.
«Ұлы Отан» деп аталатын бұл соғыс қазақ тарихында орыны ерекше болып қала бермек.
  Милиондаған адамдардың қанын төктірген мыңдаған боздақтарды жастайынан өмірден ерте озып, талай қара шаңырақты тірегінен айырған қайғылы да қасіретті сол соғыс жылдары біздің тарихымыздан ардагер қарияның есінен шықпасы анық.
   Қыстын қаһарлы ызғарлы боранды күнінде отан үшін деп жанын пида етіп бірі ажалмен,  қауышып жатса бірі өте ауыр халде жараланып мүгедек болып, аяғынан, көзінен айырылып, бірі  сал болып, қолынан, басынан жаудын оғы тиіп дәрменсіз халде жатса, соғыстан көптеген батыр ардагерлеріміз сау оралмағаны белгілі .
  Иә біз жас ұрпақ соғыстың  үнін естіией  өстік, бомбаның үнінен тығылынып мылтықтын даусынан қашпай тыныш бейбітшілік заманда соғыстың зардаптарын көрмей, жыртық киіммен далада қаратер болып жұымыс істемей заманның жақсысында өсіп ержеттік.
  Әреине бұның бәрі кешегі ата-бабаларымыздың төккен тері мен аққан қанының арқасында екенін әр бір қазақ баласы мойындайды, біледі.
  Қазақ деген қашанда батыр, әрі жомарт халық болып келгендігін, бүгінде әр елдің тарихы мойындайды.
  Кешегі 1941-1945 жылдардағы соғыс әлі күнге  ел есінен кеткен емес, кетпейді де ол күндердің әр минуты біздер үшін ұмытылып қалуы мүмкін емес себебі сол кездін әр минутында ұлы азаттық үшін, келешек жарқын болашақ үшін, өз жанын құрбан еткен бір батырдың жатқанын білеміз.
    Әрине біздер жас ұрпақ ол күндердің бірінде көрмей өстік, бірақ көрмесекте сол соғыстан аман оралған ардагер аталарымыз бен апаларымыздың көнілінде қалған ұмытылмас нағыз азапты, сол соғыстың тарихының қандай болғанын естіп, атақты ақындарымыздың жырлауымен оқып біліп сусындадық.
    Бұл соғыстың тарихын жазып та, айтып та, жеткізу өте қыйын, тек жүреімізде сол кезгі Отан үшін, бүгінгі біздер үшін жанын құрбан қылған әр бір батыр азаматтарымыз бен әпкелерімізге, ризашылығымыз шексіз әрі алдарында өтей алмас қарызымыз бар екенін ешқашан ұмытпаймыз. Қазақ елінің тарихын қозғай берсен дастаннан дастандар жазылары анық. Өзімнің нақ білгенім, кешегі замандардың қайсы бірін алсақта, қазаққа көрсетпеген қиындығы болмаған  және кешегі заманда қазақтай батыр, қазақтан өткен қайсар ел болмағанына  менде көктегі Аллада куә.  Әуелі аллаға екінші кешегі батыр бабаларымызға алғысым шексіз.
  Егерде сонау он сегізінші ғасырда қазақ жоңғарға беріле салған болсақ, кешегі ұлы отан соғысында қазақтар Отан үшін деп өз жандарын құрбан етпеген болса, 1986 жылы қазақ жастары намыстарын оятпаған болса, қазақ елінің көк туын желбіретпегенде,  бүгінде біздер тәуелсіз қазақтың жастары емес, бодан болған қазақтың жастары болып жүрер ме едік, бәлкім.
 Иә тәуелсіздік қазаққа оңай келе салмағанын білеміз, тәуелсіздігіміздің куәлігін беріп кеткен кешегі батыр бабаларымыз. Біз жас ұрпақ, татулықты мақсат тұтып,  тәуелсіздікті аңсаған, кешегі батыр ұлы қазақтың  ұрпағы болғанымыз үшін, әр қашан да мақанамыз.         
Қанша құрмет қылсақтағы батыр ерге,
Салсақта оларға арнап ескерткіште.
Берсек тағы жер жүзіне оның атын,
Қарыздармыз біз, алдында бабалардың.

 Рахмет сендерге бабаларым!
Ұрпағыңа  бейтшілік күн сыйладын.
Қазақ деген қандай халық екендігін,
Жер жүзіне дәлелдеп кете алдың.

Өте ұят төрт параққа сыйдырғаным,
Тамыры терең тарихын қазағымның.
Қазағымның кешегі тарихынынан,
Еш бір ел жоқ, сірә асалатын.

Рахмет сендерге бабаларым!
Ұлаңғайыр жерді бізге сыйлағаның.
Егерде жау жеріме басып кірсе,
Төгіледі бірінші, менің қаным.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Жарас в категории Другое