Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тақырыбы: Қазақ халқының мерекелеріне байланысты әдет -ғұрыптар.
      Қазақтардың өмірінінде халық  мейрамдары зор роль атқарған. Мейрамдар үйлену тойына, баланың  дүниеге келуі, хан сайлануда, жауды жеңуге байланысты өткізілді. Мейрамдарда күрес, сайыс, көкпар, бәйге өткізілген. Мейрамдардың өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы: ат үстіндегі ойындар неғұрлым маңызды болған. Мұның өзі аттың халықтың шаруашылығына, тұрмысына, соғыстарда атқаратын роліне байланысты еді. Сонымен бірге сайыс, әскери ойындар , аң аулауда өткізіліп отырған. Аң аулауға атты әскерлер де қатысқан. Аңды аулау төмендегідей тәртіппен жүргізілген. Жабайы аңдар жайылып жүретін кең даланы қоршауға алатын болған. Бірте- бірте аңға жақындаған сайын қоршау  тарыла түсетін, аңшылар қоршап алған аңдардың бәрін қырып аулайтын болған. Кейбір деректерде қоршаудағы ең осал тұс ханның тұратын жері болғандықтан, кейбір  аңдар ханның басынан секіріп кеткен. Бұл кейбір деректерде астарлы мысқылмен әжуаға ұшыраған.
     Әскери -спорттық ойындардың күрделі түрлері алтын жамбы ату болды. Дәл тигізген мергенге қымбат бәйге берген, кейбір деректерде оған сүйген қызын берген . Ойындардың көбі спорттық сипатта болған. Оған мықты жігіттер қатысқан. Балуан күрес, бәйге, үйлену, баланың дүниеге келу тойларынан басқа  ас бергенде де өткізіліп отырған. Халықтық мейрамдарда ән, күй,айтыстар да өткізілген.  Ханның сайлану, оның үйленген күні, жауды жеңген күндері айрықша салтанатты түрде өткізіліп отырған. Хан сайланған күні, тайпалардың билері, бектері, ханды ақ киізге отырғызып,көтеріп, үш рет айналдырып, ханға жақсы тілектер айтылып, ханға алтын, күміс теңгелер шашқан.
    Қазақтар күн мен түннің теңелген күні Наурыз мерекесін ерекше тойлап отырған. Бұл күні ауыл адамдары үй- үйді аралап жаңа жылмен құттықтаған. Әйелдер молшылық пен егіннің  түсімділігінің символы дәстүрлі дәм «Наурыз көже» әзірлеген. Мейрамдарда қарттарға өгіздің басы тартылып,ол мал басының көбеюін, сүт өнімдері мен егін өнімдерінің, молшылықтың болуын тілеген, дәстүрлі баталар берген.
    Мейрамдар мен астарда патриархалдық- феодалдық әдет ғұрыпта белгіленген тәртіп қатаң сақталған. Хандар, сұлтандар, билер өздерінің орындарын қатаң тәртіппен сақтап отырған.  Сый тартылғанда , ет жасағанда әр адамның қоғамдық жағдайы мен алатын орны мүндетті түрде ескерілген. Неғұрлым құрметті адамдарға өгіздің немесе қойдың басы тартылып, орта дәрежелі адамдарға ортаңғы бөліктері, ал қалғандарына қабырға- сирақ тартылған. Бақташы, малшыларға, қарапайым адамдарға дәстүрлі дәм тигізілмеген.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ