Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Үш бақытым

Бақыт дегеніміз не? Оны әркім әртүрлі түсінеді. Саттар Ерубаев ағамыздың сөзімен айтатын болсақ: «Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, өмірмен араласып, өмір болып келеді екен. Бақыт қолыңды алмайды, жүрегіңді алады деседе артық болмас. Жүрегің бақытқа шомылып, сен өмірге өзімсініп кірісесің, енесің. «Мен бақытты көрдім» - дейді.
Сол бақыт құшағында жүрген біздің алақанымызда үш бірдей бақыт бар екен. Ең біріншісі – халық. Халық – әр адамның қоғамдық ортасы. Әр адам соған қарап «бойын жинайды, сөзін түзейді». «Ел – жұрт не дейді», солардың алдында масқара болып қалмайық» деп именеді. Әсіресе, қазақ халқы – көпшіл, қонақжай халық емес пе? Жақсылығын да жаманшылығын да ел – жұртымен еркін бөліскен. Әділ бағасын да халық беріп отырған. «Халық айтас, қалып айтпайды» деген мәтел өмір шындығынан алынған. Иә, халықтан асқан дана жоқ,  деп атам қазақ бекер атпаса керек.
Не нәрсені атса да, қандай құбылысты бейнелесе де түбін қарамай шыңырау шындыққа көзіңді жеткізе айтады. Шынайы әділдерді де халық өзі мойындап баға беріп отырғаны сөссіз.
Ал екінші бақытым – тілім менің, - деп ақын жырлаған тіліміздің жай – күйі ауыз толтырып айтарлықтай емес. «Мен заманымда қандай едім? Мен – ақын, шешен, тілмар бабаларымның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мен – мөлдір судай таза едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын, жасыдым, мұқалдым.....» Міржақып Дулатұлының бұл сөзі қазіргі жағдайда да айтарлықтай дәрежеде тұр. Сондықтан да, еліміздің жарқын болашағы жас жеткіншектермен әр қазақтың бойында ұлтжандылық сезімі басым болуы керек.
Тіл – халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады емес пе? Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілдің азуынан басталған. Жер бетінде алты мыңнан астам тіл бар. Оның көсегесін көгерту, оған рух, жан беру – ұлтым деп соққан әрбір жүректің қолында. Бүгінгі таңда Елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұраны әрбіріміздің жүрегімізде ұяласа тіліміздің өміршеңдігі, қолданылу аясы артады.
Бақытым бар үшінші - Отан дегенім... Адамзат баласының асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері – өз Отаны.  Ертеде ақындардың ел – жұртын, өзінің туып – өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған ел топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.
Біздің ата – баба қонысымыз, атамекеніміз – Қазақстан. Бүгінгі күндері менің Отаным бақыт құшында. Тек әр Қазақстандықтардың бойында «Отан» деп лүпілдеп соққан жүрек, «Отан» деп сыбанған білек болса арманымыз орындалады деп ойлаймын. Ендеше, өз бақытымыз өз қолымызда.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
спросил от Ханщат в категории Другое
0 голосов
1 ответ