Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тақырыбы: «Менің  туып – өскен  жерім - Қазақстан».


Неткен  байтақ, неткен  ұлы  жер  едің,
Нендей  күйге  жүрегімді  бөледің.
Сенде  тудым,  сенде  өстім, сенде  өлсем,
Арманым  жоқ  бұл  дүниеде  дер едім.
Қасым  Аманжолов
Менің  туып – өскен  жерім  - Қазақстан  Республикасы.  Қазақ  халқында
 «Туған  елдей – ел болмас,  туған  жердей – жер  болмас»  деген  нақыл сөз бар.  Өзімнің  Қазақстан  елінде  туғанымды  мақтан  тұтамын. Қазақстан – көп  ұлтты,  тәуелсіз  мемлекет.
«Бұтағы  көп  ағашқа  құс  қонар» деген  сөз менің  Отаныма  арнайы  айтылғандай. Себебі  Қазақстан  жерінде қаншама  ұлт  өкілдері  тату – тәтті  өмір сүріп жатыр. Бұл жерде  менің ата – бабаларым  да мекендеген.  Олар  бастарына  қандай  қиыншылықтар  туса  да,  мойымай  өз  елін  қорғап  қалуға  ат  салысқан. Менің  әке – шешем  де туған  жерінің  нағыз  азаматтары  деп  ойлаймын. Ата - анам  Қазақстан  елінде  аянбай  еңбек  етуде.  Біз Қазақстан  сияқты бай  өлкеде  тұратынымызды  мақтан  етеміз.  Қазақстан  - бүкіл  қазақ  халқының  ата  мекені, кіндік қаны тамған  киелі жер.  Ол -  менің  елім. Біздің  тұратын  жеріміз – Қостанай  қаласы. Қаламыз шағын  болғанымен,  біз  үшін жанымызға  жақын ең  ыстық,  ең  сұлу  өлке. Туған  ел  мағынасы   тереңде  жатыр.  Оның  жұпар  атқан  жусаны,  оның  кеудеңе  құйылған мөлдір  ауасы,  жотаға  өрлеген  жалғыз  аяқ  жолдары,  осының  бәрі – туған  елдің бір  бөлшегі.  
Балғын  балалық  шақ. Сәуір  айында бүршік  атқан, қылтиып  күн  көзіне  көрінген  балауса  көк  шөп,  өзен  үстінде  үйіріліп  ұшқан  шағала! Кемеріне  еркелей  соққан  көгілдір  көл.  Күннің  қызғылт  шапағына  бөленген  үйлер, осының  бәрі – тұтас  туған  ел!
Пай, пай, пай!
Киелі неткен  жер!
Батырлар  дүрілдеп  өткен  жер,
Тұлпарлар  дүбірлеп  төккен  жер.
Ғашықтар  бір – бірін  өпкен  жер,
Сарылып  сал – сері  кеткен  жер.
Бас  иіп,  иіскеп  топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер.
    Үлкен  жүректі,  ұлы  сезімді,  шалқар  шабытты  ақын  Мұқағали  Мақатаев  жырына  арқау  болған  біздің  ата  мекеніміз,  қазақ  даласы  -  ұрпаққа  қалдырып  кеткен  асыл  мұрасы.
    Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасы – тәуелсіз,  егеменді,  бақыт жолындағы еркін  мемлекет. Күн  сайын  өміріміз  жақсарып,  жарқын  болашаққа  зор  үмітпен  қараймыз.  
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың: «Қазақстанның  болашағы, балалар,  сіздердің  қолдарыңызда»  деген  сөзі  бізге мұғалімдерге жауапкершілік  артады, өіткені мына  бізлер яғни  мұғалімдер  жас  ұрпаққа  білім беруіміз  керек.  Өйткені  жас  ұрпақ  біздің  еліміздің  болашы.  Қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілі  Ә.Сәрсенбаевтың:  
Сенен  артық  қасиет  жоқ,  жері,  тегі,
Сен  ұрпақтың  күліп  атар  ертеңі,
Тағдырыңды  тапсыр  маған,  туған  жер,
Көркейтуге  міндеттімін  мен  сені, -   деген  патриотты  өлең  шумақтары  Қазақстан  халқының  әрбір азаматын,  елін  сүюге,  оның көркеюіне  үлес  қосуға жетелейді. Менің және  жасдастар   қосар   үлесіміз – терең  білім  алып, мелекеттік  тілді  жетік  меңгеру. Ұрпағы  өз  тілінде  сөйлеген  ұлттың  рухы  биік.
Ақ  қолыңмен  тарта  аларсың,  сен  тілім! – деп  Мағжан  атамыз  жырлағандай, еліміздің  егемендігін  танытатын – қазақ  тілі  болашақта  толық  күшіне  сенеді.  Тек  қазақ  жастары  ғана  емес, еліміздегі  барлық  ұлт өкілдері  мемлекеттік  тілді  меңгеріп, Қазақстан  Республикасын  дүние  жүзіне  танытады.
    Бұл – ұлы  Абайдың  тілі.  Сондықтан  да  мен  қазақ  тілін  жас  ұрпаққа  жетік меңгертуге тырысамын.  
    «Қазақстанның  болашағы  - қазақ  тілінде» - деп  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы   Назарбаев  айтқандай  ХХІ  ғасыр  білімді,  мемлекеттік  тілде  еркін  сөйлейтін  азаматтарды  қажет  етеді. Бүгінгі  таңда  тілімізді  дамыту  жолындағы  көптеген  игі  істер  атқарылуда. Сонымен  қатар  жоғарғы  оқу  орнындағы  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімінің  мамандығы  бойынша  ұлты  орыс балаларына  тегін  білім  алуға  жол  ашты.  Бұл – мемлекеттік  тіліміздің  абыройын  асырып,  беделін  көтерген  игі  іс.
Отаным  менің  мақтанышым,  абыройым.  Еліміздің  ұлан – байтақ  жері,  бейбіт  сүйгіш  халқы  бүкіл  әлемге  танымал.  Бар  әлем біздің  жеріміздің  кеңдігіне,  жер қойнауының  байлығына,  мекен  ететін  көп  ұлтты  халқымыздың  бірлігіне,  қонақжайлылығына   қызыға  да,  қызғана  да  қарайды. Жеріміздің  әсем  табиғаты,  сылдырлаған  мөлдір  бұлақтары,  тұп – тұнық  таза  көлдері,  сарқыраған  өзендері,  алып  таулары – осының барлығы біздің елде  тату – тәтті  тұрып  жатқан   мейірбан  халқымыздың байлығы. Осындай  бай  халықтың  ұлы  жетістіктерге  жетуі – біздің  қолымызда!  
 Қазақ  халқы «Елдің  даңқын  ер  шығарады,  ердің   даңқын  ел шығарады» деп  бекер  айтпаған.  Елдің  елдігін,  адамгершілік  асыл  қасиетін  жоғары  көтеруге  жас  буын,  үлес  қосса  деймін!
Бізге  жол  сілтеуші  жұлдыз  ол  -  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  бейбіт  өмірді  сүйгіш  саясаты.  Мен  өзіміздің  елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевқа  сенемін.  Отанымның  жарқын  болашағына  сенемін!
Уақыттың  да тез  зымырайтыны – ай, тоқтарғ ашара  жоқ.Ендігі  мен  есейдім,  ер  жерттім,  ойыма  ой  қосылды, көңілге  өмір  жайлы толқулар  енді.  Алдыма  бір  биік  шыңның  басында  тұрған  мақсат  қойдым. Бұл  өмірде  болашаққа  көз салып,  алдына  арман  қоймаған  пенде  шариғатқа шырмалып,  өзінің  орнын  таба  алмай  адасады.  Хакім  Абай  атамыз  айтқандай:
Әсемпаз  болма  әрнеге,
Өнерпаз  болсаң,  арқалан.
Сен де бір  кірпіш  дүниеге,
Кетігін  тап  та  бар  қалан, - деген  сөздері осы  өмірдің нақ  бейнесін тауып  айтқандай. Ендеше,  сол  бір  кірпіш  дүниенің  кетігін  табу  үшін  білімді  болу  қажет.    
    Бұл өмірдің  талап  етері  де,  сол  - тек  білім  ғана.
 ХХІ  ғасыр  техниканың  мейлінше  күшті  дамыған  заманы.  Осы  өмірге  лайық  болу  үшін  білімді  болу  керек.  Техника  тіршіліктің  тамағы.
    Міне, Қазастан  дамып,  өркендеу  жолында.      Елдің  ел болуы  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  ісіне  байланысты. Қиын  заманда  үш  жүздің  басын  қосқан  Абылай  ханның  тұлғасын,  ұстаған  жолын  қайталап  отырған  да осы  - Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.  Еліміздің  егемендік  алуы,  мемлекеттік  тіл – қазақ  тілінің  болуы,  ұлтаралық  татулықтың  болуының  бәрі – осының  айғағы.
    Мен оның  түнін  сүйем,  күнін  сүйем,
    Ағынды  өзен,  асқар  тау, гүлін  сүйем.
Мен  оның  қасиетті  тілін  сүйем,
Мен  оның  құдіретті  үнін  сүйем.
Бар  жәндігін  сүйемін  қыбырлаған,
Бәрі  маған  «Отан»  деп  сыбырлаған.
Жаным  менің  кеудемді  жарып  шық та,
Бозторғайы  бол  оның  шырылдаған, - деген  Мұқағали  ақынмен  бірге  толғанып,  әлемге  жар  салғым  келеді. Өйткені,  мен  азат  елдің  ұланымын,  Қазақстан  деген байтақ  елдің  түлегімін. Сондықтан  елімнің  ертеңі  үшін  аянбай еңбек  ету,  оқу  оқып,  білім  игеру,  жас тәуелсіз  мемлекетімнің  іргетасының  беки  түсуі,  ұлттар  арасындағы  ынтымақтастық  пен достықты  нығайту  ең  басты  парызымыз  деп  түсінемін.
Қазақстан   халқының  қонақжайлылығын қазіргі  таңда  бүкіл  дүние  жүзі  біледі. Басқа  ұлт  өкілдерін  көзге  шұқу,  қудалау  жоқ.  Ал  енді  сол  қазақтың тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  мемлекетіміздегі  ішкі саяси тұрақтылық  мәселесін  өмір  бойы  бірінші  орынға  қойып,  ел  тыныштығын  сақтап  келеді. Қазіргі таңда    теледидардан  күнделікті  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың әр облыстарға  сапар  шеккенін көрсетуде,  егер  мен  сол жерде  болсам,  ештеңеге  қарамай,  ешкімге  әл  бермей, Елбасымыз  Нұрсұлтан  ағаны  бір  құшақтап  сүйетіндей  сезінемін.  
Қазақтың  аспаны  қандай  кең  болса,  ақылы  да  сондай  кең.
Қазақтың  жері  қандай  кең  болса, пейілі  де  сондай  кең.
Қазақтың  жүрегіне  тек  қазақтың  баласы  емес,  бүкіл  әлем  сыйып  кетеді.
Даласындай  дархан, жазирадай жомарт  елбасымызды  бағалай  білейік.
Менің  елім...
Менің  халқым ...
Менің  туған  жерім ...
Менің  Президентім ...
Менің  Отаным ...
Менің  Республикам ...
Менің  Қазақстаным ... – деген  жүрегімнен  шыққан  асыл  сөздермен  өз  шығармамды  аяқтамақпын.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов