Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шәкіртінің жеңісі – Ұстаз еңбегінің жемісі
 

Шәкірттің жүрегіне шындық пен
адамгершіліктің таңбасын таққаны – ұстаздың мақсатына жеткені.
 

Ұстаз – оқушыға білім беріп, оны болашаққа мол сеніммен жетелеуші жандардың бірі. Адам баласының бірінші үйі – өз үйі болса, екінші үйі мектеп. Сол сияқты баланың бірінші анасы – өз анасы болса, екінші анасы – ұстазы. Содан болса керек, дана халқымыз «Ұстазы жақсы болса – шәкірті оның дидарын көргенше асығады» деп жатады... Осы  ұстаз туралы жақсы бекер айтылмаған. Қазақтың тағы  мынадай  сөзі бар. «Ұстазы  жақсының ұстанымы  жақсы». Ендеше  ұстазы  жақсының  шәкірті білімді болады. Өйткен, шәкірт  өз  ұстазына  қарап, үйренеді, білім  алады. Біздің де бүлдіршіндеріміз білім ұясына қадам басады, тарыдай  болып  кіріп,  таудай  болып  шығады. Осы он бір жыл ішінде бүлдіршіндерімізге білім  беретін  ол - ұстаз.  Әр  ұстаз – «шәкірттері үшін күн десе күн болып көрінетін, нұр десе нұр болып төгілетін» жандардың бірі... Олай айтудың да өз жөні бар. Өйткені, балалар мектеп табалдырығын аттаған күннен-ақ, оларға деген өзінің сүйіспеншілігін, мейірім-шапағатын, қамқорлығын көрсете отырып, әр баланың тілін табуға, оның жан-дүниесін түсінуге, білім алу жолындағы өзіндік бағытын айқындауға бар күшін салады.
Әр  ұстаздың шәкірттері бірнеше сынды сайыстарға  қатысып жүлделі орындарды ие  болады. Ұстаз болып  жұмыс  істегеннен  кейін өзінің  шәкіртінің  жемісін, өзінің  нәтижесін  көргісі  келеді.  Мектеп оқушылары  мектептің шығармашылық және қоғамдық өміріне белсене қатысып, үнемі мақтау қағаздарымен марапатталып жүреді. Осының бәрі – ұстазының ерен еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
Мәдениетті де мағыналы сөздерімен, парасатты мінезімен ата-аналар жүрегін баурай білген ұстаздар  – оқушылармен ғана жұмыс істеп қоймай, ата-аналармен тығыз байланысты  орнатып отырады. Баланың жан-дүниесін толық түсінуі үшін ата-анасымен бірігіп, оған дұрыс жол көрсетіп, баланың дамуына өз үлесін қосады. Осының дәлелі болса керек – ұстазын көргенде балалар жүздеріне қуаныш үйіріліп, оған деген ыстық ықыластары ерекше аңғарылып тұрады.
Сөзімнің соңында, балаларымыздың ұлағатты ұстаздарына алдағы уақытта жұмыстарына шығармашылық табыстар тілей отырып, ұстаздық жолы мағыналы да мәнді болсын, еңбегінің жемісін молынан көре берсін демекпіз. Өйткені, ұстаз әділ болса – шәкірті де саналы болады... Өмірді өз  ұстазың қадірлеп, құрметтей біл.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
7 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов