Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Жоспар

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Бақытсыз Айнаш
4.Қалалық өмір
5.Қорытынды
1.Кіріспе
      Отан от басынан басталады демекші, әр отбасының өз тағдыры, өз қызық-қуанышы бар. Күнделікті адам баласы ойлана бермейді. Адам ғылып жаратқан соң, тәлім-тәрбие, оқу-білім отбасынан басталады емес па. Күнделікті күйкің тіршік адам баласын шаршатып, үйден жұмысқа, жұмыстан үйге жүгіріп жүргенде, уақыт шіркіннің қалай зырылдап өтіп жатқанын білмей де қаласың.
      Иә .... бәріне де уақыт емші. Өз орнына қойып, әр нәрсенің кетігін таба біледі. Бірақ істеген ісіңе өкінесің бе? Әр қадамыңды, әр жасаған жақсылығың мен жамандығыңды алла өзі төрелігін береді. Өмірде сүрінбейтін тұяқ, жығылмайтын жақ болмайды. Әр нәрсенің дұрыс, бұрыстығын өмір талқысына салып, саралай білсең болғаны.
 
     Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
Антон Семёнович Макаренко

 2.Негізгі бөлім.
Алтын асықтай ұлдары, қызғалдақтай жайқалып өсіп келе жатқан қос қызы бар Рымтай  өте бақытты ана. Үлкені мектепті аяқтағаннан кейін,Алматыға темір жол оқуына түсті. Жетеқабыл өсіп келе жатқан ұл-қыздары мектепті бірінен кейін бірі аяқтап, бірі еңбек жолын бастаса, енді бірі жоғарғы, орта оқу орындарына түсіп, аяқтап жатты.
     Жасы ұлғайған сайын Рымтайдың ыңқыл-сыңқылы көбейді. Алты баласын өзі жалғыз өсіріп келе жатыр еді. Күйеуі дүниеден ерте озды. Бағына қарай ұл-қыздары ақылды, тәрбиелі балалар еді.
      Бір күні үлкен ұлы Самат үйленетінін айтып, аяқ астынан әбігерге салды. Ауыл шіркін ұйымшыл ғойғ біреуі қойын, біреуі көрпе-жастығын әкеліп, келінді үйге түсіріп алды. Келіннің есімі Қаршыға екен. Арықша келген, адамға тік қарайтын қыз екен. Көз жанары суық, сұрша қызды қайдан тауып алғанын кім білсін, әйтеуір Саматтың басы айналып қалғандай, бір сөз айтса, сол сәтте бәрін тауып әкеледі. Бұрынғыдай анасына жаны ашып, бауырларына көмектесуші еді. Қазір ол жоқ, бар тапқан, таянғанын әйелінің қолына әкеліп ұстатады. Бөлек шығайық деп әндете бастады. Ауыл-аймақ болып ол тілегін де орындап, қалаға көшіп кеткен Тілеуберлінің үйін алып берді. Аса аралас,құралас болмаса да, әйтеуір анасының көз алдында жүрсе болғаны. Арасына үш,төрт жыл салып Жанат та үйленді. Үйдің ортаншы қызы аяқ астынан ауырып, кенеттен қайтыс болды. Үйдің ішінің бәрін есеңгіретіп, артында анасы боздап қалды. Рымтайдың еңсесі түсіп, тез қартайып кетті. Басқа түскекен қайғы есеңгіретпегенде қайтсын, Барлық үміті үзілгендей болды. Әйтеуір Жанаттың келіншегі Сәуле жаман емес,

анасының қабағы сәлең тартса, асты-үстіне түсіп бәйек болады. Кішкене немерелері апалап, аяғына жармаса бастайды. Оған да тәубе.

3.Бақытсыз Айнаш
         Ортаншы қыздың біреуі Айнаш өзінің сүйген жігіті Оразға тұрмысқа шығып, сән-салтанатымен ұзатылды.
     Ораз ауылдағы көрікті жігіттердің бірі. Артынан бірнеше қыз-қырқын жүгірсе де, өзі Айнашты ұнатты.Бірақ Ораздың жаман қылығы, тұрақты бір жерде ұзақ тұрақтап жұмыс істемейді. Ағасы полиция қызметкері, соған сүйеніп, жұмысқа тұрса жанындағыларға кіжіңдеп, өркөкіректік танытады. Айнаш ұл туып берді. Сонда да тұрақтамай, үйге арақ ішіп келіп жанжал шығаратынды тауып алды. Әкесінен қалған даңғарадай үйге қарауды да қойды. Үйге қарамағаннан кейін үй де азып,тозып кетеді емес па. Ұлы тәй-тәй басып, тәтті қылықтары күннен –күнге көбейіп келеді. Айнаш та шыдап жүр. Арағыңды қой, үйді жөндейік деп, Айнаш
айтып еді, сол күні таяқ жеді. Көзі көгеріп, қол-аяғы көтертпей жүрсе де жан адамға сездірмеді. Көп ұзамай, өзі де ауылдағы мектепке мұғалім болып жұмысқа орналасып, кішкентай Айдарды анасының қарауына тапсырды.
        Айнаш бір күні жұмыстан шығып, анасының үйіне таяп қалғанда, іштен шаң-шұң айғайды естіді. Жүгіріп кесе, Үлкен жеңгесі Қаршыға анасына айғайлап жатыр екен:
-Қақбас, осы сен өлмей қойдың, неге ақша,ақша деп қақсай бересің? Өзімізге жетпей жатқанда, деп үйді басына көтеріп жатыр. Жүгіріп келген Айнаш не істерін білмей тұрып қалды. Айнаш келген соң, қаймықты ма, беяпар әйел үйіне қарай томпаңдай жөнелді. Бетпақ әйелмен сөзге келіп, ешқашан да жеңбес. Сөйтсе, мәселенің мәнісі Самат жалақысын алып, бір бөлігін анасының емделуіне беріпті. Соны естіп алған бетпақ қатын жүгіріп келіпті. О тоба, құдайым, осындай бетпақ, баяпардан сақтасын. Атаңа не істесең, алдыңа сол келер, деген. Оның да бала-шағасы өсіп келеді.

4.Қалалық өмір
        Өмір бір орында тұрған ба, жылдар зулап өтіп жатты. Айнаштың аяулы анасы Рымтай да дүниеден озды. Анасының тірі кезінде масыл болмайын дегендей, дүниеден озған соң, көп ұзамай Ораздан айырылысып кетті. Күнде төбелес, күнде ұрыс, адамды қажытады ғой. Айнаш бір-екі жылдан соң қайтадан тұрмысқа шықты. Екінші күйеуі Өмірбек жақсы адам. Адамның бәрі бірдей жаман емес қой. Қалаға көшіп келіп, үй сатып алды. Үлкен ұлы Айдар мектепте оқиды. Өмірбектен бір қыз бала туды. Күн артынан күн, жыл артынан жыл өтіп жатты. Ауылдағы үйлеріне жылына бір рет барып тұрады, қара шаңырақта қалған Ерсін барлық аға-әпкелерін жинап, әке-шешесіне ас берді. Дүкенге шығып келейін деп Айнаш келе жатса, үйдің жанында бір адам құлап жатыр. Бірдеңе болып ауырып қалған шығар деп бетіне қараса бұрынғы күйеуі Ораз. Азып тозып

кеткен, баяғыдағы көріктің ізі де қалмаған. Арақ адамды тоздырмай қоймайды ғой. Әзер дегенде Айнашты танып, ақша сұрап тұр. Әрине араққа. Көрші-қолаңнан сұрап білсе, Айнаштан кейін екі-үш әйелмен бас қосқан, несиесін төлемегендіктен әке үйіне айырылған. Бұрынғы көкіректен жұрдай болған. Тентіреп, кім көрінгеннің босағасында жүрген көрінеді. Ит те болса бір төсекке басы қосылып, бір дәм татты ғой, Айнаш өзімен бірге Оразды қалаға алып келіп жуындырып, тазалап, емдейтін жерге апарды. Күйеуі Өмірбек түсіністікпен қарап, өзі де көмек көрсетті. Емделіп шыққан соң, Ораз мүлде арақты аузына алмайтын болды. Намазға жығылып, имандылық жолына түсті. Қайтадан өңі құлпырып, әр тайған өңіне қан жүгіре бастады. Айнаш пен Өмірбек жүгіріп жүріп жатаханадан орын алып беріп, жұмысқа орналастырды. Біраз уақыт өтті. Сырттай оқуға түсіп жоғарғы оқу орнын тәмамдап, Ораз мастер болды. Бірте, бірте сатылап көтеріліп келеді. Ұлы Айдармен кездесіп тұрады. Бірақ әлі үйленген жоқ. Қолда барда алтынның қадірі жоқ. Айнаштың қадірін енді ғана түсінді. Қандай алтын адам болған, енді бәрі кеш. «Жақсы әйел жаман еркектің есіктегі басын төрге сүйрейді» деге осы екен ау.

Қорытынды

Аймауыттай ат мінсең,
Жақын болар алысың.
Адалынан жар сүйсең,
Оңғарылар бар ісің, деп бекер айтылмаған. Айнаш та өмірден көп теперіш көріп, әділетсіздіктің құрбаны болса да, жүрегі қатаймай, қайта адам баласына бар мейірімін төгіп, бар адамға қайырымдылық жасаумен келеді. Бүгінде бір әулеттің аяулы анасы, бала шағасы шет елде оқып, жақсы білім мен тәрбие алды. Жолдасы Өмірбек үлкен бір зауытта бастық. Өзі де қайырымдылық қорын құрып, өмірде өз орнын таба алмай жүрген адамдарға көмектеседі. Ораз болса қайтадан үйленіп, бір компания директоры болды. Бала-шағасы бар. Анда-санда Айнаш пен Өмірбекпен кездесіп тұрады. Ауылға барғанда Елдің бәрі Айнашқа алғыс айтады. Ауылдың ұаншама кісісіне көмектесіп, қаншама баланың оқуына көмектесті. Ауылдың барлығы Айнаш пен Өмірбекті кезек-кезек қонаққа шақырып, сыйлайды. Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады, деп бекер айтылмаған.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ