Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Жоспар:

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Шаңырақ көтеру
4.Ұмытылмаған махаббат
5.Қорытынды

Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космология ілімінде Махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

1.Кіріспе

        Махаббат азбас байлық, Тозбас қазына дер едім. Ал сезім лаулап жанған алау,жүрек сол алаудың ошағы, сенім алауды лаулатар махаббаттың шырпысы дер едім.Мен өз басым кезінде махаббатқа сенбейтінмін. Өткінші сезім деп ойлайтынмын.Себебі сүйем деп айта тұра басқа адамға көз тастау бұл махаббат емес жай сезим.Өткінші жауын сияқты жауады да басылады, келесі жолы тағы жауады. Құрғақшылықта жауынды қалай тағатсыздана күтсең,махаббатты да дәл солай тосасың.Махаббатты үш санатқа бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі:бала махаббат- бұл кезде жүрегіңе бүкіл әлем сыйып кететіндей сезімде боласың.Жүрегің алабұртып соны іздейсің, көруге зар боласың.Балалық сезімді бір сөзбен айтқанда ұйқыдан тұрғанда жүректегі жеңілдік,пәктік.
Екіншісі: шала махаббат -май шам тәрізді лаулап жанадыда уақыты келгенде өшеді,май шамда жанып бітеді.
Үшіншісі:шынайы махаббат-адам жүрегі өз шынайы махаббатын кездестігенде лүпілі жиілеп, ол жоқ болса тоқтап қалады екен. Жүрек өз шын махаббатын, өз жартысын тапқан кезде сезеді екен.Соған қарай алып ұшып,сені сенің махаббатың сол дегендей жетелейді де тұрады.Сен емес жүрегің онымен кездесуге ұмтылады екен.Ұнатасың,ғашық боласың.  Тек сүйемін деген сөз ойыңа келмейді екен. Менде де солай болды.Ең алғаш оны жай ұнаттым жақсы көрдім.Бірақ сүйемін деп ойламадым, менің тағдырым дәл сол адам деп ойламаппын.Адамды бірден сүймеу менің шынайы маxаббатым бұл емес деп ойламау керек екен.  Сезімің алғашқыдай болмайды екен.Мүлде басқа онсыз таңыңда атпайды,күніңде батпайды, онсыз бір күнің бір ғасырданда ұзақ көрінеді.Онсыз ас батпайды,жүрегің тек соны ойлайды,онсыз не ұйқы не күлкі жоқ, шөл далада жалғыз өзің сусыз, тамақсыз қалғандай сезімде боласың. Ойлайтын шығарсыңдар:"е, ол басында ғана солай, уақыт өте келе, бала болған кезде бәрі басылады деп" жоқ меніңде екі қызым бар, отбасы құрғанымызға төрт жылдың жүзі болды.Шынайы махаббат қаласаңда қаламасаңда өшпейді екен уақыттың да адамныңда қолында емес екен. Тек бір алланың қолындағы нәрсе. Мен жарымды жанымнан артық сүйем. Себебі ол
 
алланың сыйы маңдайыма шыр етіп келгенде жазылған тағдырым.Қайда жүрсеңде тағдырдан қаша алмайсың. Оданда одан қашпай қабылда сені жүрегің жетелейді.  Жүрегіңнің үніне үңіл ол сені алдамайды. Алла тағала тағдырыңды, шынайы махаббатыңды жазбай табуыңа жәрдемін берсін.  Жүрек ешқашан алдамайды. Тек күт!

2.Негізгі бөлім.
       Екеуі де аңғал бала еді. Сезімнің не екенін білмеді. Жылдар салып, шын махабатты сезінгенде, сол балалық, балауса махабаттың әлі де жүрек ауыртар, жан сыздатар сезімді өшірмес едік қой.
        Айнұр педагогикалық колледже оқитын. Құрбысы Бақыт екеуі киноға, биге бірге барып, сабаққа бірге дайындалатын. Бақыттың жүріп жүрген жігіті ауылдық жерден, қаладағы ірі кәсіпорында жұмыс істейтін. Жастық шақ. Әдемі қыздар. Бірге жұмыс істейтін Мұрат деген жігітпен Айнұрды таныстырды. Мұрат қарапайым, білімді, сыпайы жігіт екен. Сол күні барлығы киноға барды.
        Көктем шыға Айнұр тәжірибеден өту үшін қалалық «Балдырған» бала бақшасына келді. Оқуын аяқтаған соң осы балабақшаға жұмысқа орналасты.         
        Бір жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Жастық шақ бір орында тұрмайды. Достар көп, бірге жұмыс істейтін, бірге оқыған. Көп достары бір-бірімен қосылып, жеке үй болып жатты. Үйдің үлкені болған соң Айнұрдың анасы да «Өз орныңды тап, қыз бала көп жүруге болмайды, ана болу, үй болу әрбір қыз баласының міндеті»-деп анасы айта беретін болды. Әзірше Айнұр үй болу мақсатында жоқ еді. Бір –екі жыл жұмыс істеп, жоғарғы оқу орнына түсу еді. Айнұр да Мұратты ұнатса да, қыз баласы болған соң, ұнататынын айта қоймады. Мұрат та батылдық танытпады. Бір күні достарымен Қоңырат кентіндегі достары Қанаттың үйіне ескі жаңа жылды қарсы алу үшін барды. Барлығы да көңілді, арасында Мұрат пен Айнұр да бар. Бір-біріне жақсы тілектер айтып, кеш көңілді өтіп жатты. Бір кезде ойынның кезегі келді. Қыз, жігіттер шыны құтыны ортаға қойып, басы мен аяғы кімге қарайды соған жауап беруі керек болатын. Бір кезде Айнұр мен Мұратқа кезегі келіп, біреуі екіншісіне сұрақ қойып, әділ де шын жауап беруі керек болатын. Ерке өскен Айнұр Мұратқа «сүйген қызың бар ма?» деген сұрақ қойды. Сасқалақтаған Мұрат бар, иә, бірақ, бірақ деп жауап берді. Бәрі ду күлді. Бар немесе жоқ деп жауап бер деп, еліріп алған жастар қоймады. Шын жауап беру керек. Мұрат иә деп, Айнұрға қарады, Айнұр да қызарып, төмен қарады. Осы кеште Бауыржан деген жігіт те бар еді. Оның да көзі Айнұрға түскен болатын. Кештен соң  Бауыржан Айнұрды шығарып салды. Мұрат болса қатты өкпелеп, сол өкпелегеннен көпке дейін хабарласпай қойды. Айнұр да хабарласпасаң,
хабарласпа деп, өзі де ынта таныта қоймады. Жадырап жаз да келді. Айнұр алаңсыз жұмысын істей жүріп, сырттай жоғарғы оқу орнына түсті. Бір күні бірге істейтін әріптесі Күлай, саған бір жігіт келіп тұр деді. Келіп тұрған Мұрат екен деп Айнұр құстай ұшып, жүгіріп шықса, Бауыржан тұр екен. Көңілі түсіп қалды.Бауыржан көп үндемейді, ұялшақ жігіт. Келеді де, тұрады. Айнұр ширақ. Ананы, мұны айтып,  уақыттың қалай өткенін де аңғармай жүріп жатты. Күнде жұмыстан шыққан соң Айнұрды шығарып салып жүрді. Мұрат сол кеткеннен мол кетті. Бір күні Бақыт құрбысы қонаққа шақырды. Біраз адамдар бар екен. Ішінде Мұрат та бар. Бауыржан кезекті еңбек демалысын алып, ауылына кеткен. Жастар би билеп, ән айтып, кешті қыздырды. Далаға шығып бір-біріне қар атысып ойнады. Ойнап жүргенде Айнұрдың аяғы тайып кетіп құлап түсті. Мұрат жүгіріп келіп, Айнұрды көтергенде құшақтай алды да, бетінен сүйіп алды. Айнұр итеріп жіберді де, «бишара» деді. Бұл сөз Мұраттың жүрегіне оқтай қадалды. Өйткені Мұраттың әкесі болса көзі соқыр, жалғыз анасы алты баланы қағып, бағып өсірген еді. Мұрат үйінің үлкені, артындағы бауырларының оқу оқып, жұмысқа орналасқанының бәріне де Мұрат жүгіруші еді. Осының бәрін есіне салып тұрғандай әсер етті оған.
        Айнұрдың биязы мінезіне, тәрбиесіне, біліміне қызығып, айттырушылар көп еді. Ұлдары бар үй жанындағы көрші-қолаң, жамағайын адамдардың барлығы Айнұрды көргенде тамсанып отыратын. «Қызың өссе қылықтымен ауыл бол» -дегендей жақсы жермен құда болу Айнұрдың да әке-шешесінің арманы еді.
         Қыстың ортасында Айнұрдың туылған күні болды. Барлық жора-жолдастарымен бірге Мұрат пен Бауыржан да келді. Екеуі кезек-кезек биге шақырды. Бір шешімге келгендей Мұрат Айнұрмен билеп жүргенде батылданып, сөз айтты.
-Маған тұрмысқа шық, сен маған шықпасаң, мен ешқашанда үйленбеймін. Айнұр шегі қатып күлді де, жауап берген жоқ. Бұл қылығына Мұрат ренжіді де, кештен кетіп қалды. Сол кеткеннен мол кетті. Бірнеше жылға. Неше жыл көрген жоқ, бірін-бірі.

3.Шаңырақ көтеру
       Айнұр Бауыржанға тұрмысқа шықты. Дүрілдеп той да өтті. Айнұрдың әке-шешесі жастарға төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Екі балалы болды. 90 жылдар басталды. Елімізде күнкөріс қамымен әркім өз бетімен болып кетті. Кәсіпорында ақша төлемейді, орнына тамақ немесе дүние,мүлік береді. Қиын кезең, елде ақша жоқ, кәсіпорындар бірінен соң бірі банкротқа ұшырап, жабылып жатты. Ірі өндірістің өзі шатқаяқтап, әзер тұрды.
      1995 жылдың аяғына қарай кішкене болса да, жабылмаған кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Мұрат істейтін өндіріс орны да елге ақша төлеп, қарыздарын бере бастады. Бауыржан ауысыммен жұмыс істегендіктен, Айнұрға «сен барып ал, менің жалақымды»-деп тапсырды.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
4.Ұмытылмаған махаббат
       Айнұр келсе, адам көп екен. Есіктен кіріп келгенде оттай болып, көзіне Мұрат түсті. Мұрат қалт тұрып қалды. Өз көзіне өзі сенер емес, Айнұр ма Айнұр емес па?!  Айнұр да кілт тұрып қалды. Бірден басына қан құйылғандай, көзі қарауытып, құлап бара жатқандай сезінді. Қасына Мұрат жетіп келді де, ұстап қалды. Дір ете қалды Айнұр. Әжептәуір әйел болып, бала-шаға өсіріп отырғанда, күтпеген жерден Мұратты кездестірді. Бұл кезде Мұраттың жасы отыз үшке келіп қалған. Жағы суалып, көзінің алды көкшіл тартқан. Әйел, бала-шағасы жоқ, қатарларының бәрі де үй болған. Айнұрдың бір жағынан әлі үй бола қоймаған Мұратқа да аяушылық білдірді, бір жағынан жанұясы бар. Айнұр өзін екі оттың ортасында қалғандай сезінді.  Өз кезегіне Айнұрды тұрғызып, елдің алдында алып берді. Айнұр мен Мұрат бір-біріне не айтарын білмей, көздері ғана кездесіп қала береді. Мұраттың көзінде «мені кімге айырбастадың»-деген сөздер тұрса, Айнұрдың көзінде «өзің ғой, бір ауыз сөзге өкпелеп, сол күні кетіп қалдың», Мұрат «егер уақытты кері қайтарып, сол күндерді алып келсе, ешқашан да өз бақытымды, өз жартымды ешкімге де бермес едім», Айнұр «кешір, мен білмедім, сенің ренжитініңді».
      Кешке Бауыржан бірге жұмыс істейтін әріптестерімен үйге келді. Ішінде Мұрат та бар. Ас үйде Айнұр тамақ әзірлеп, шай-пайын берді. Бауыржан төр бөлмеде достарымен әңгіме –дүкен құрып, жақын арада табиғат аясына шығу жоспарын құрды. Жақын күндері барлығы әйел, балаларымен табиғатқа шықты. Қаланың күнделікті күйбең тірлігінен соң, табиғатқа шыққан жастар ауаны жұтып алайық дегендей, кең тыныстап рахаттанып қалды. Жігіттер жағы от жағып, алып келген еттерін қазанға қойып, әйелдер жағы шай қамына кірісіп кетті. Тар үйде үйтпе, бүйтпе деп тиымды көп көретін балалар жүгіріп ойнап, суға шомылып жатты. Бәрі отырып, тамақтарын ішіп, гитара, домбырамен ән айтылды. Кеш батты. Барлығы көңілді. Мұрат қана ойлы көзімен, көзінің қиығымен  Айнұрға қарап қояды. Бір сәтте екеуі оңаша қалды. Мұрат шараптың қызуы бар, бір кезде батылданып
- Сен сол кезде келісіміңді бергенде, мен бұлайша қу тіземді құшақтап жүрмес едім Айнұржан, Енді мен не істеймін, қаншама күндер, жылдар сені ойладым. Ұйқысыз түндерім көп. Өмірде тек қана сені ғана сүйіп өтем» -деп қаншама жылдардағы жинақталған өкпе-назын Айнұрға төгіп салды. Айнұр:
- Мұрат ренжіме, өткен күндер қайтып келмейді, сонда сен бұртиып, өкпелеп кетіп қалмағанда кім білген, біз екеуіміз үй болып кетер ма едік, енді барлығы кеш, уақыт қайтып келмейді, деді байыппен. Мұрат қолынан ұстай алып, Айнұр сенің бес балаң болса да, қайтшы маған, Бауыржанмен айырылысшы, деп құшақтай алды. Айнұр кеудесінен жайлап итеріп, жоқ енді бәрі «кеш» деді.
-Егер сүйгенің шын болса, маған да өзіңе де қырсығыңды тигізбе, менің жанұям, бала-шағам бар. Саған маған ұқсайтын менің бір туысым бар, сонымен таныстырайын, деді. Мұрат үнсіз келісімін бергендей болды.

Қорытынды.
      
         Көп ұзамай ауылдан Айнұрдың туысы Ақерке қалаға жұмысқа тұруға келді. Ол да Айнұрмен құрдас болса да әлі де тұрмысқа шықпаған. Айнұр Бауыржанға айтып, Мұратпен таныстырды. Айнұр мен Бауыржан екеуін жарастыру үшін киноға, кештерге бірге барып жүрді. Ақерке Айнұрға көп ұқсайтын. Мұрату уәдесінде тұрды. Ақерке екеуі шаңырақ көтерді. Екі балалы болды.  Анда-санда жаұялық кештер жасап кездесіп тұрады. Кездескен жерде Мұрат күрсініп, көзімен Айнұрды аймалап қояды. Шын сүйгендер қосылмайды деген сөз рас екен.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ