Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Дүниеге нәресте келді.
2.Балалық шағы.
3.Жасөспірім, бозбала.
4.Тәрбие бастауы –бесіктен.
5.Қорытынды.
Адам өмірі-қамшының сабындай
ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ
тәрбилеген ұтады екен.
 (Қорқыт ата)

Іңгалап дүниеге сәби келді. Қаншама бақыт десеңші...
 Арман мен Гүлжанның қуанышында шек жоқ. Дархан туылғанынан мазасыз бала болды. Тәй-тәй басып, жүре бастағаннан бастап, кірмейтін жері, ұстамайтын заты болмайтын, анасы тыныш отыруы үшін Дарханның екі жасынан бастап, санауды, оқуды үйрете бастады. Артынан екі бауыры дүние есігін ашты. Дархан мен Нариман екеуі үй жанындағы бала бақшаға барды. Нұрсейіт үйде. Бала бақшада, үйде бірте-бірте Дархан санауды да, жазу-оқуды да үйреніп алып, енді мектепке барам дейтінді шығарды. Жасы мектеп жасына толмағандықтан мектепке әлі де ертерек еді. Гүлжанның інісінің қызы қыркүйекте мектеп табалдырығын аттады. Дархан қиғылықтың көкесін енді салды. Барам да, барам. Болмаған соң, үй жанындағы мектепке апарды. Мұғалім апайы келіп жүре тұрсын, содан соң өзі де жалығады деді. Жалыққаны қайда Дархан он бес күн ішінде барлық балалардың алды болды. Сөйтіп мектепке қалдырып, ата-анасы мектеп киімі мен аяқ киімі, оқу құралдарын алып берді. Балалық базарлықтың бал дәмімен, күндер өтіп жатты. «Не ексең соны орасың», дегендей, жасынан оқу-сызуға үйренген Дархан оқу білімге ынтық болып, оқушының алды болып, он бес жасында мектеп бітірді. Үлкен қаладағы жоғарғы оқу орнына түсті. Анасы жүгіріп жүріп, жатаханадан орын алып, орналастырып келді. Студенттік өмір басталды. Дархан университетті де үздік аяқтап, қызыл диплом алды. Енді анасы жүгіріп жүріп, еліміздің астанасы Астана қаласына апарып, әйтеуір жаңа қалада болашағы басталсын деп, таныс-тамыр жағалап жүріп, спорт бөліміне жұмысқа орналастырды.  Дарханға бұл жұмыс мүлде ұнамады. Өзінің бітіргені «физика» манадығы еді. Астанада жүріп, Дархан өз бетімен талпынып, «Болашақ»  бағдарламасына құжаттарын тапсырды. Сәті болғанда оған да түсіп кетті. Университетте жүргенде анасы магнитофон алып беріп, ағылшын тілін үйрене бер дегені жақсы болды. «Ешко» бағдарламасы арқылы бірнеше касета мен дискілерді алғызып оқығаны пайдаға асты. Ағылшын тілін жақсы меңгеріп, шет елге оқуға аттанды.
       Әкесі жай қарапайым жұмыскер, анасы мектепте мұғалімнің баласы, бай балаларының тайраңдап жүріп оқитын оқуына өз бетімен түсіп, шет елге аттанғаны көпшілік ағайын, көрші-қолаңды таң қалдырды. Қайда жүрсең де аман-есен бол, оқуыңды жақсы оқы деп ата-ана шығарып салды. Дарханның енді шет елдік өмірі басталды.  Үш жылда таза ағылшын тілін жақсы меңгеріп, ол оқуын да үздік аяқтады. Енді отанына қайтатын уақыт та келді. «Ата даңқын шығарып,өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді» деген  Қорқыт атаның сөзі Дарханға келеді. Атаның жақсы атын шығарып, артындағы інілеріне үлгі бола білді. Осындай баладан қалайша айналмайсың. Жақсы жерден қыз алып, жанұялы болды. келіншегі де өзі сияқты оқыған, тәрбиелі бала. Кішкентайлы болды. Өзі мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, магистратураға оқуға түсті. Оны аяқтап, ғылым жолын қуды. Небәрі жиырма жеті жасында жас ғалым атанып, ағайынның мақтанышы бола білді. Жас шыбықты қалай мәпелеп, өсірсең солай шығады дегендей, бала тәрбиесіне де ата-ана көп көңіл бөліп, оқуына ыңғай жасау керек. Сонда еккен егінің жемісін береді. Соңынан ерген екі інісі де өмірде өз орнын тауып бірі жасынан армандаған полиция қызметкері болса, кіші інісі мектеп мұғалімі мамандығын таңдады.

Қорытынды
         Иә, Мемлекет дегеніміз – үлкен отбасы, ал отбасы дегеніміз – шағын мемлекет. Осы шағын мемлекетте баланы дұрыс тәрбиелеп,  оқу білімге қызығушылығын арттырса өскенде жемісін беретініне күмән жоқ.
Білімге үш жол алып барады:
1) ойлану, оқу жолы – бұл ең парасатты жол;
2) еліктеу, ұқсау жолы – бұл ең оңай жол;
3) басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу, тәжірибе жинау жолы – ең ащы жол.
        Бәрінен бұрын бес жасқа дейін еркелетіп, он бес жасқа құлша жұмсап, он бес жастан асқан соң сырласыңдай болған балаға дұрыс жол көрсете білу әрбір ата-ананың парызы.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов