Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі»

Білім беру мекемелері білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесіне, сонымен қатар мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса назар беріп отыр. Осыған байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық патриоттық рухта тәрбиеленуге арналған оқу-тәрбие ісінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындады.
«Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі» деген В.Беленский бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, тәрбиенің арқасында болашақ азамат тағдырының негізгі мәселесі шешілетінін білгерлікпен дөп басып айтқан. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Бала-аты кішкентай болғанымен, ауыртпалығы дардай, қам-қарекеті қыруар, үлкен әлем.Күнделікті өмірдің барысында осы жағдайларды естен шығарып аламыз ғой. Дегенмен, тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ осы кез.
        Ата-аналардың ең негізгі және бірінші міндеті - бала тәрбиесі болуы тиісті. Ал, біздің ата-аналарымыздың жасы ұлғайса да  басты міндеті ұрпақ тәрбиесі емес, жұмыс сияқты.  Иә, бізде шынында да солай. Бұлай етпесе амалың жоқ. Себебі,осы заманда ақшасыз өмір сүру қиындап кетті.Өйткені біздің басты қоғамымыздың міндеті еңбек болып тұр.Әрине, жұмыс істеу керек. Әйелдер мен ерлердің құқықтары бірдей болған соң, таңертеңнен кешке дейін еңбек ету керек.Еңбексіз күнің жоқ болып кетті. Әсіресе қалалы жерде. Тіпті балаға қарауға еш шамаң келмейтін тұстары да  болады.Оған мынадай дәлел айтайын, бірде көршім баласын қайда қалдырарын білмей, еш жұмыста жоқ, арақ ішетін «досына» тастап жүрді. Жас бала ол үйге барғысы келмеді. Амалсыз қалдырып жүрген анасы баласы үшін кезек күтпестен 100$  ақшасын беріп, балабақшаға іліктірді. Бұған не шара? Амалсыздың күні, әрине. Баласының қараусыз қалғаннан, істеген айла шарасы екені белгілі... Солай...Солай...
       Байқоңыр қаласының балабақшасы өте жақсы десем артық айтпаған болар едім. Күнделікті жақсы тамақтары мен тәлім-тәрбиесі мол. Бірыңғай тәрбиесі орыс тілінде өтеді. Өкінішке орай, қала бойынша бір ғана қазақ бала бақшасы бар. Нақты сеніп жүре аласың-ау.Бірақ,түзде бала тәрбиесі орысша, үйде де орысша сөйлеуге тура келеді.Балаларымыз орыстың тәрбиесін алып жатқаны нақ. Ал, оған да келістік, сонда бала тәрбиесіне нақты кім жауапты? Әлбетте, балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдері дейсіз ғой. Бірақ балабақшаға қолы жетпеген сәбилер ше?
       Осылайша орысша тәрбиеленіп жатқан  балаларын күн ұзағына аналарын бірер сағат көретін, тіпті кешке дейін бір рет көрмейтін баладан қандай тәрбие, қандай мейірбандық, ізгілік күтуге болады? Ата-аналары ертеден қара кешке дейін жұмыста жүріп ұрпағының тәрбиесімен қай кезде айналысады сонда? Кешке қарай ма? Айналдырған екі күн демалыста ма? Жұмыстан шаршап, жүйкесі тозып, қайтқан ананың үйге келген кезде де отырып, бала тәрбиесіне көңіл бөліп алатындай уақыты болар ма екен?..
      Міне, осындай сұрақтар көңілдің құлпын аша алмай сан ойланасың. Ойланып жүріп, уақыттың қалай өткенін және балаңыздың қалай өсіп кеткенін білмей қаласың.Бірақ, балабақша мен мектепте жүрген бала жақсы тәрбие алар-ау, ата-ананың да жақсы қамқорлығы болса егер?! «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» - демекші, бала өз білгенін істеп, қиын жағдайға душар болатынын білмей қаласын да...
      Тіпті, кейбір жұмысы ауыр немесе кезекпен  істейтін әйелдер балаларын күніне бір рет те жөндеп көре алмайды. Ол рас, рас. Мәселен, анасы жұмыста болған кезде баласы үйде қалады да, ал, анасы жұмыстан оралған кезде баласы мектепке кетеді. Немесе кезекпен жұмыс істейтін ана түннің бір уақытында үйге оралғанда бөбегі ұйықтап жатады да, таңертең балабақшаға кетеді. Кешке келгенде анасы жұмыста болады. Сонда қарап отырсаңыз, кейбір ана мен бала апталап бір-бірін көрмейді. Ал мұндай балалардан тәрбие, жоғарғы талап күтудің өзі артық. Бала он жерден бақшаға барып, он жерден мектепте оқыса да, ата-ананың тәрбиесінің орны айрықша. Сондықтан күнде кешке шаршамай баламен еркін сөйлесіп, сабағын тексеріп, өмірге құлшынысын арттыру керек. Баланың бос уақыты болмағаны абзал. Бір мезгіл қоғамдық жұмыстарға айналысса, кітапханаға барып өздігінен  дәріс алса жақсы. Қазіргі балалар кітап оқиды ма? деген сұрақ тұрады ой түбінде. Бала зияткерлік білімдерге көп қатысып, саналы болса дейміз.Ұялы телефондағы агент балаға кенедей жабысты. Одан арылдыру үшін баламен өмірге деген құлшынысын оятып, көп сөйлесіп отыру керек. Ар-намыс, абырой, өмір талабы туралы әңгімелескеніміз жөн. Баланы түрлі спорт секцияларына, көрме, мұражайға, қалаға келіп жатқан цирк, концерттерге апарып, мәдени орталарға көп қатыстыру қажет. Жастардың рухани байлығына көп көңіл бөлгеніміз жөн. Білімсіз ұрпақ – келешегі жарқын қоғамды құра алмайды. Жастардың жаңалыққа, өмірге құштарлығы, күнделікті хабарларға әуестігі болып, білімқұмарлыққа бейім болуы қажет. Өмір сүруге ұмтылған бала суицид «ауыруына» ұшырамайды. Жастардың жанына жамау болатын ата-ананың жылы сөзі, ілтипаты, қанаттандырар жақсы қасиеттері көп болса, өзін-өзі өлтіру құбылысына бармайды.Кейбір психолог ғалымдардың айтуынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі – қоғамдық орта мен әділетсіздік деп жатады. Баланың өскен ортасына, достарымен қарым-қатынасына да ата-аналар да көп мән беріп, баламен сырласып отырғаны жөн. Көрнекті кеңес педагогі   В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала дәл солай бола алады...» дейді.Демек, балаға жан-жақты  терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершілік, асыл қасиеттерді үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат тағдырының біз ойлаған деңгейде болатыны сөзсіз. «Өнегелі ұрпақ өсіреміз» -  деп жүріп, бала тәрбиесіне назар аудара алмай, өнегесіз, ақылсыз бала өсіріп алмайық, ағайын! Бала тәрбиесі - баршамызға ортақ. Сондықтан көңілдеріне қаяу түсірмей, өсер ұрпақтың өнегелі, тәрбиелі, заман талабына сай алғыр бала өсірейік, ата-аналарым! Бәрі де өз қолымызда.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов