Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ұлы Отан соғысында атам да ерлік көрсетті
 1930 жылдағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік  билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. Тарих беттеріне жүгінетін болсақ, екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы километр жері өтті. Кейінірек бұл территория Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Армия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия территориясын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін негізгі күштер  талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келсімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға  дайындықты бастайды. Басып алған мемлекеттердің экономикалық, әскери ресурстарын өз мүдесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына  қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз сенді. Ал, Сталин және оның төңірегіндегілер 1939 жылғы келісімге сеніп, Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді. Осындай аласапыран алпауыт заманда менің атам – Ағыбаев Әбжәли соғыс өртінде болып, елге аман-есен оралды. Ол Жапония еліне дейін жеткен. Қиын қыстау кезінде бір-біріне демеу болып, орыс, қазақ, ұйғыр, башқұрт ұлттарымен тату болған. Бір нанды бөліп жеген күндері де өткен. Соғыстан аман-есен оралып, өзінің өткен күндері туралы газет беттеріне үзбей шығып жүрді. Оның ерлігі ұшан теңіз. Елге оралған кезде де азық-түлік дүкенінде жұмыс істеп, қарапайым халыққа қызмет жасаған. Жас балаларды сүндетке отырғызып, молдалық рәсімдерін жүргізіп, той-жиындардан қалмайтын. Дастандар мен хисса әңгімелерді көп айтатын. Оның естен кетпейтін мына бір әңгімесін айта кетейін.
«Ертеде сонау Жоңғар шапқыншылығы кезінде Ақтан батыр өзінің досына бара алмай қалады. Батыр қатты ауырып, тісінен 3 күн, 3 түн ұйықтай алмаған екен. Жалаңтөс батыр Ақтан досының келе алмағанын естіп, еліне елші жібереді. Оның келетінін біліп, Ақтан батыр тісінің ауырып қалғанын естіп «күліп жүрер»,- деп бір көзін найзамен ойып алған екен. Жалаңтөс батыр: «Бір көзің түсіп қалса, екінші көзің бар, құдайға шүкір, адамның тісі ауырмасын. Тіс ауырса – бас ауырады, көңіл қошың болмай, не істеріңді білмей қаласың!» деген екен. Сонда Ақтан батыр өзінің іс-әрекетіне қатты өкінген екен дейді атам.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-сонды бастан кешкен барлық соғыстардын ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдырды. Қызыл армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға еліміздін түкпір-түкпірінен мыңдаған арыздар түсіп жаты. Бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майданға және жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды мақсат етті. Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Осындай ерлікке лайық атамның халыққа жасаған еңбегі ұшан теңіз. Бірақ ол көзі тірісінде Кеңес Одағының Батыры атағы ала алмады. Соғысқа қатысқан барлық адамдарға неге бермеген деген ой келеді маған.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында  Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан Соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты. Осындай тарихи оқиғаларды оқып-түйгеніңде, қазақстандықтардың ерлігін жаныңа жамау етесің. Атамыздың ерлігін де әрқашан мақтан етеміз. Оның ерлігін ұлымыз екеуміз ұлықтап, әрбір Жеңіс күнінде туған-туыстар болып, еске алып, пір тұтамыз.
 
№275 мектеп,
Қызылорда обл., Байқоңыр қаласы,
Ағыбаева Айгүл Әбдіәлімқызы
aigul-19-73 @mail.ru
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов