Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
қазақ елі туралы шығарма керек
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Әлемге таныған қазақ елі
Кіріспе бөлімі:
Қазақстандағы ғылым – адамзат баласына ғажайып қанат бітірді.
Негізгі бөлім:
Қазақ жерін ата-бабаларымыз елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды.
«Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» бөленіп келеміз.
Қорытынды:
Әлемге танылған қазақ елі өзінің даму қарқынын көрсете білді.

Ғылым – адамзат баласына ғажайып қанат бітірді. Оның куәсі ретінде айтатын болсам, аспан әлеміне қазақ ғарышкері қадам басты. Айға қонды. Жұмыр жерді аялай айналып ұшып, аспанды бағындырды. Жер кіндігі болған киелі туған жерім – Байқоңырдан қазақ ғарышкерлері аттанды. Мен елімді ғарыш айлағымен мақтан тұтамын. Ғарышта елдің мәртебесін көтерген қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров болды. Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев, үшінші ғарышкер Айдын Айымбетов. Олар өз Отанын дүниедегі ең қымбат, ең қасиетті, ең аяулы анасындай сыйлайтынын бүкіл елге таныта білді. Бұл ғаламда ғажап елін, жерін, қасиетті мекенін сүймейтін адам кем де кем. «Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі», «Отаның үшін отқа түс, күймейсің» деп халықтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы тектен тек айтпаған-ау, сірә. Қаншама батыр ұл-қыздарымыз атамекенін, туған елін жан аямай қорғады. Дәстүрін де сақтап ел мұратына қалдырған.  Сонау ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп көрсек, ежелден-ақ ата – бабаларымыз өз жерін еш жауға таптатпаған. Ержүректігімен,  жауынгерлік үлгісімен найзаның ұшына үкі тағып, елді аман сақтаған. Соған дәлел, сақ тайпасының кезіндегі Тұмар ханым (Томирис), ғұн тайпасы кезінде бүкіл Еуропаға дейін жаулап алуға бетбұрыс жасаған Еділ-Аттила да тарихта жауынгерлігімен, батылдығымен, айлакерлігімен танымал болған. Еліміздің өткенінен ғибрат алар ұлы тұлға батырларымыз аз болмаған.
Сонау жаукершілік заманда қазақ жерінде ата-бабаларымыз елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалған. Бұған қазақтың ұлы даналарымыз Абай, Ыбырай, Шоқанның салып кеткен сара жолдары дәлел бола алады. Сол кезде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында тарих сахнасына қазақтың зиялы адамдары елге қуат берді. Кеңес үкіметі орнаса да, елге шырақ отын жаққандай еңбектерімен, шығармашылдығымен, ойып ой берер өлеңімен танылды. Елге аса рух сыйлады. Жаппай отаршылдық саясатынан қазақ жұрты малынан, атамекенінен айырылып, бас ауған жаққа көшіп кетті. Сеңдей соғылған ауыртпалықтан құтылу үшін қазақ халқы бірлікке келді. Бауырмалдығымен, татулық-ынтығымағымен аман қалды. Елін ерлікпен қорғай білді.Әрбір адам баласы тіршілік етіп жатқан Отанына кіршіксіз еңбектеніп, өзінің міндетін, күш-қайратын жұмсай білді. Халқымыз сол заманнан бері-ақ білгір ел қорғаған батырларымыздың бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы», «Абылай ханның ақ жолы» салған қағидаларды есте сақтап, ел үмітіне сеніммен қарады. Осындай сенімнің арқасында еліміз егемендігін алып, «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» бөленіп келеміз. Әрбір адам тіршілік етіп, өзін – өзі асырап отырғаны осы Отанымыздың арқасы. Отансүйгіштік адам баласына күш – қуат, сенім, өмірге деген талпынысын оятатыны хақ. Осындай жаңа ғасырда жаңаша ойланып, заман талабына сай бейімделіп келеміз.  Өткен ғасырымыздың ғажабы мен қиындығы су сепкендей басылып, тәубешілік етіп, жаңа заманға қарай өмірге бейімделеміз. Әрбір уақытымыз тәуелсіз елдің бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейік. Бүгінде байтақ ел Қазақстан – тәуелсіз дамудың даңғыл жолына айналды. «Мәңгілік ел», «Нұрлы жол» идеялары бүгінде жастардың жүрегінде сақталып, ел экономикасын жақсартуды көздеп келеді. Бүгінгі Қазақстан өзі орналасқан аймақты ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде үлкен рөл атқаруда. Мәселен, бүкіл дүниежүзі болып атомдық ядроны тоқтатуды бірінші болып Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастама көтерді. Невада-Семей ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың тағдырын айтып, дүние елін дүр сілкіндірген Елбасының бастамасы әлем халқына ой салды.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде елімізде түрлі оқу орындары мен лицейлер салынып, білім көзін қайта жандандыруды көздеп отыр. Қазақстан елі әдемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылды. Саяси биліктің құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамудың іргесін қалады. Елдің экономикасының даму деңгейі өзгеріп, әлемнің түкпір – түкпір елдерімен әлеуметтік байланыста қарыштап дамып келеді. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды. 25 жылдың ішінде қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұштастырып келеді. Ең бастысы, қазақ халқы әр ұлттардың Отаны болып келеді. Бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен бірлікті, ынтымақ пен татулықты сақтап, әр түрлі ұлттың мәдениеті мен діндердің дамуына қамқорлық жасап, жарқын үлгісін паш етуде. Әлемге танылған қазақ елі өзінің даму қарқынын көрсетіп, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қызу дайындық үстінде Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін халықтарға қазақ елі өзінің салт – дәстүрін де, бұйымдарын да әзірлеуде. Қазақ елі бүкіл әлемді таңқалдыратыны сөзсіз. Сондықтан  да өз елім туралы Сіздерге жазып, өз үлесімді қосып отырмын. Қазақ елі «Мәңгілік ел» болып әлемге танылатынына мен сенемін.

Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Тарих пәнінің мұғалімі
Ағыбаева  Айгүл  Әбдіәлімқызы.
2017 жыл, қаңтар айы.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов