Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
нан туралы шығарма тауып беріңіздерші
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Нан – ең  қасиетті  дәм

Нан – ең  қасиетті  дәм.  Кішкентай  кезімізден  бастап аузымызға  алатын  тағам  нан  екеніне  ешкімнің  таласы  жоқ.  Үйімізге  қонақ  келсе  ең  алғаш  таттыратынымыз  да  нан.  
        Қазіргідей  тоқшылық  заманда  біз  секілді  жастар нанның  қадірін  тереңнен  ұқпас. Кез-келген  жерде  тәтті  тоқаш  нандарды  жеп  кете  береді. Жерде  жатқан  нанды  көрсе  алмайтындар да  кездеседі. Ойланбай-ақ  қоқыстардың  арасына  тастай  салады. Бұл  әрине, кешірілмес  күнә. «Бір  тоқтың  бір  аштығы  болады» -деп  дана  халқымыз   тегін  айтпаған.  Нансыз  дастарханның  да,  ішетін  астың да дәмі  болмайды.Тіпті ғарышкерлер  ғарышқа  ұшқанда 4,5 грамм  ғана  нанды өздері  үшін  қуат  тұтады  екен.
     Нанды  қалай  болса, солай  бөліп  турай  беруге  болмайды. Оның  ұсағының  өзі  киелі «Нанның ұсағын  жеген  бала, сауапқа  қалады» - деген  сөзді ата-әжелеріміз  көп айтады. Себебі  қиыншылық  кездерде  бір  үзім  нан  өмірден  үмітін  үзбеуге  себеп  болған. Ғалымдардың жорамалдауынша , адам баласы мыңдаған жалдар бойы осы бір ұлы тағаммен қоректеніп  келеді. Алайда нанды кім таныды, кім пісуді білген дегендер біз үшін жұмбақ. Аталарымнан естіген мынадай ұлы сөз жанымнан кетер емес.
Осыдан мыңдаған жылдан  әрі болса керек, жайқалып тұрған бидайды көріп, бір «дүниеқор» әкеміз жұлып-жұлып қабына толтырып, не болса да үйге апарайын деп арқалап алыпты. Сол жүрген соң қозғалақтап қабын иығына кезек-кезек аударады. Сөйтсе, бидай мұртшалары арқасына инеше қадалып, әбден мазасын алыпты.  Әкеміз қатты ашуланып: «Ә, бәлем, мені мазақтағың келеді ғой»деп қап толы бидайды лақтырып тастап, қолына сойылды ап сабай жөнеліпті. Қара тері шыққан атамыз бидайды ашып қараса, бидай аппақ ұн кейпіне еніп, балбырап жатыр екен. Қарап тұрып: «туһ» деген ғой, сөйтсе ұн ауыздан шыққан леппен ұшып, көзіне түсіпті. «Ә, көзімді шығарайын дедің ғой,ә?» деп қапты суға атып ұрыпты. Сәлден соң өлді ма деп тағы да ұстап көрсе қамыр қалпына түскен ұн шалдың қолына жабыса кетіпті. Одан сайын жыны келген шал «Бар әйда» деп қаптағы қамырды отқа лақтырып тастапты. Енді бір мезгілде келсе, қаптағы ұн қып-қызыл болып нан күйінде жатыр-мыс. Әбден қалжыраған әкеміз әлгі нанды шайнап-шайнап тастайын деп аузына бір-ақ тығады. Сөйтсе көзі шарадай жанып, бойы жеңілденіп сала беріпті. Адам солай нан жеуді біліпті деседі. Иә, бұл аңыз ғой. Әйтсе де, бидай дақылының басқа өсімдік түрлеріндей емемс, суға да, отқа да салсаң жоғалып, жойылып кетпей, бір денеден екінші денеге өтіп, ақырында ғажайып асқа айналуында әлде бір сиқырлы сыр жатыр, ұлылық жатыр.
Бүгінде диетологтар нанды денсаулық реттеушісі, сұлулық көзі деп таниды. Олардың пікірінше күніге 400 грамнан артық жеген адам өз өмірін 15-20 пайызға ұзарта алады екен. Ал, біздер нанды қалай қолданамыз, қалай қадірлейміз? Осы сұрақ көптен бері маза беретін емес. Балалар үзілісте нанды қалай болса солай жейді, оларға қалай түсіндіруге болады деген сан сұрақтар кім-кімді де ойландырмай қоймайды...
Қазақ нанның қасиеті бар дейді. Ең ұнамсыз, қанағатсыз істі «нантепкілік» деп айыптайды. Мұсылман дінінің өзі «егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қоюға болады» деп уағыз қылады. Демек, нан құраннан да қымбат. Сонымен бірге ұлы халқымыз «нан ұрсын» деп бүкіл періштелердің атымен, ата-бабаларымыздың даңқымен, түннің, айдың тылсымымен ант су ішіп отырады. Бұған күмәнім жоқ. Бұған дәлел ретінде мынадай оқиға айтайын:
          Бірде жанұямызбен қонаққа бардық. Үлкендермен дәм тұзымыз жарасып, әңгіме дүкен құрдық. Арамызда бір кісі сөзінің арасында «жерге үлкен жұлдыз планетасы ұшыпты, елде ақырзаман болып жатыр. Бір мемлекет жойылып кетті» - деп бөсіп отырды. Оны естіген досы ашуланып: «Ау, пендем, оны қай планетадан естідің, теледидардан ба, агенттен бе, ғаламтордан ба, әлде халықтан ба, әлде ойдан шығарып отырсың ба?» - деді.Сонда әлгі кісі: «Өзімнің құлақ агентім» деп жұртты күлкіге айналдырды. Сонда құрдасы: «менің өтірігімнің бірі деп нан ұсташы» деді. Сонда арындап алған ағай созылып қалған қолын нан емес, от ұстап алардай оқыс тартып алды да, қып-қызыл болып орнынан тұрып жүре берді. Мен ол кісінің бөспе сөзі үшін жек көрсем де, нан кепетінен аттамағаны үшін риза болып қалдым.Байқап отырғанымыздай, ондай қасиетті кемшіндей көреміз.Бірақ шын мәнінде нан ұлылықтың белгісі. Біздің әке-шешеміз обал-сауапты біл деп өсірді. Нанға жәбір көрсетудің арты қайғы дегенді үйретті. Ендеше, нан-ас қана емес, асыл қасиеттер жиынтығы. Біздің  ата-бабаларымыз  нан  тапшылығын  көріп, тұрмыстың  азабын тартып  өсті. Бір  тілім нан  үшін  біреудің  есігіне  жалданғандар  да болды. Сонау нәубет заманда бір үзім нан үшін күні-түні ел кезіп жанын пида етті. 1932  жылы  аштықтың  азабын  тартқандар қазақтар шет   елдерге  көшті. Жұт заманында бір үзім нан табу өте қиын болды. Біздің  ата-бабаларымыз  нан  тапшылығын  көріп, тұрмыстың  азабын тартып  өсті. Одан кейін,1954  жылы  Қазақстанда  тың  көтерілді.  Тың  эпопеясы  жазылып,  Қазақстан  бірнеше  жүз  миллиардтаған  тонна астық  жинады.Осы алтын астықтың арқасында еліміз тыныш өмір сүріп, нәпақасын тауып жүр. Нан-тіршіліктің көзі.  Планетамызда  100  мыңдай нан  мұражайы  бар.  Соның  ішінде  нан  мұражайы  Әзірбайжан   Республикасындағы  Агдам  қаласында  орналасқан.  
      Нанның  200-ден  астам  түрі  бар. Наннан басқа, ұннан,   бидайдан,  жасалатын  тағамдардың  түрлері  қаншама. Дүние  жүзіндегі  ең  астықты   ел  Канада, Америка, Қазақстан. Еліміздегі нан байлығын  жоғалтпай, оны ысырап етпеу бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Аталарымыз тілек айтқанда « Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, адамзат – салиқалы, саналы сөзімен сәнді» деген екен. Осындай ұлағатты сөздерді әрқашан жадымызда ұстағанымыз жөн. Нан-ұлылық есімі екенін естен шығармайық, ағайын!


Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Тарих пәнінің мұғалімі
Ағыбаева  Айгүл  Әбдіәлімқызы.
2017 жыл, қаңтар айы
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы