Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
салт дәстүр туралы шығарма шағын эссе керек еді
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Дәстүрім менің,  ар- қасиетім»
Ғасырлар  бойы  қазақ  жұрты  өзіндік  бірегей  әдет-ғұрыптары мен салт - дәстүрлерін  қалыптастырып келеді. Сонау, XVIII  ғасыр  мен   XX ғасырдың бас кезінде орыс және шетел ғалымдары мен   саяхатшылар  айқын   байқап, бабадан келе жатқан сан-салалы салт- дәстүрімізді жеткізіп жазып  қалдырды.  Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы  қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
«Адамнан ұят кетсе, иман қашады» дегендей, қазіргі уақытта қазақ жастарында келеңсіз жәйттер белең алып  жатыр.  «Алла тағала баланы еріккеннен бергенім жоқ» дейді. «Аманат қып бердім, аманатқа қиянат жасама», «Судың да сұрауы бар», «Қонақ келсе, құдайыңдай сыйла» деген өсиет  сөздерді ұмытпаған жөн. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің тарапынан жас ұрпақтың рухани байлығын одан әрі жетілдіруге, әлеуметтік қорғауға ерекше мән беруде. Соған орай,  сыныбымыздың ұйымдастыруымен «Қонақ – атаңнан да үлкен» атты ашық тәрбие сағаты  болды. Негізгі мақсатымыз - оқушыларды имандылыққа баулып, «Қонақ кәдені» білуге ұмтылдыру. Кішіпейілділікке  және   бауырмалдылық пен ибалы болуға дағдыландыру.  «Ата тәліміне»  мән беру, балаларды ізденімпаздылыққа баулу. Дүниетанымын молайту, ойлау қабілеттерін шыңдау; иманды ұл, инабатты қыз болуға, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болды.
Қазақ ең жақсы тамағын, сусынын, шәй-қантын мейман келіп қала ма деп, сақтықпен ұстаған.  Қонақ келсе, күт, алмағын, тынышын,тойсын аты – бер жем-шөбін, сұлысын,-деп Махмұд Қашқари айтқандай, халқымыздың қонақжайлылық, меймандостық салтында дәм-тұзға ерекше мән берілген. Сыйласымдық, сыпайылық осы дәм татырудан басталады. «Жақсы туыс – жаныңның жамауы» дегендей, жақын туыс – нағашы, жиен, құда қайын, күйеу сияқты жекжатың немесе достарың, жақсы жолдас – жораң. Міне, ол нағыз сыйлы қонағың. Құдайы қонағың – өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден, жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, ол нағыз сауап қонағың. Қыдырма қонағың – ерігіп те, желігіп те, үйден – үйді, ауылдан – ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ. Міне, ол нағыз далбаса қонақ. Ал, қылқыма қонағың – үй арасындағы, ауыл ішіндегі түтіні түзу шыққан үйді торып, өзінің құлқыны үшін, аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ.Міне, ол нағыз сұғанақ қонағың. Сыйлы қонақ келгенде ол кісінің денсаулығы, көңіл – күйі ескеріліп отырған. Онымен болатын әңгіме тақырыбына да мән берілген. Көбіне қонақты сөйлетуге тырысқан. Келген қонаққа кез – келген мәнсіз жәйттерді айтып, отыра бермеуі ескерілген. Осыған байланысты ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне мән берілген.Егер үйіңе қонақ келсе, сен өз адамдарыңмен олардың алдынан шығып, жақсы сөзбен қарсы алғайсың. Сонда олар саған дән риза болып, өздерін қарыздар санайды.Қонақпен бірге және олардан бұрын отырушы болма деген ырым-жоралғылар бар. Осындай ырымдарды балалар өз мәнеріне жеткізіп, көрініс ретінде көрсете білді.
Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының тағы да бір түрі -  тыйым сөздер. Бұл сөздер жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тәрбие құралдарының бірі -  тыйым сөздерге мән беретін  болсақ, мәселен, үйге қарай жүгіруге болмайды.  Ырысын кетіресіңдер, бар несібеміз далаға кетеді. Ол жамандықтың белгісі, - деп жатады. Тізеңді құшақтама!  Жалғыз қалып қоясың. Қолыңды төбеңе және желкеңе  қойма.  Ондай әдет, әдепсіздіктің, ел-жұрттан безінудің  белгісі. Нанды бір қолмен үзуге болмайды! Себебі, нан киелі. Нанды қадірлеуіміз керек.  Еңбекпен табылған нанның кепетіне ұшырмауымыз керек деген мағынада тыйым сөздерге мән берілді.
 «Қонақ келсе – құт, қонақтың көп болғаны жақсы»,- деп Мақмұт Қашқари айтса, Жүсіп Баласағұн: «Қонағыңды құрметте – атың елге жайылады» депті. Ал «Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық» дегенді Қорқыт бабамыз айтқан. Олай болса, қонақпен бірге құт-береке келсін, қазаны ортаймай, қазағымның берекесі болып, өміріміз  мерекелі болсын! Дәстүріміз жанданып, жаңара берсін! Дәстүрім  менің -  ар-қасиетім.

Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Тарих пәнінің мұғалімі
Ағыбаева  Айгүл  Әбдіәлімқызы.
2017 жыл, қаңтар айы
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы