Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
темекінің зияны туралы ойларыңыз
спросил от Kuaniysh в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Темекі - қауіпті дерт
        Күнделікті көңілді тірлігіміздің көлеңкелі көрінісіне айналғантемекі тарту сияқты, ақыл естің дұрыстығына сай келе бермейтін әдеттен арылудың басты шарты – осыған тиым салатын толвққанды заңның қажеттігі дегенге тоқталғанбыз.Қазіргі кезде шылымқорлықтың мәжбүрлі түріне таңылған жандардың жайы  туралы айналысып жүрген ғалымдар мен дәрігерлер арасында қала берді қарапайым халық арасында кеңінен сөз бола бастады. Бір шылымқор  төрт түйір темекі щеккенде, қасындағы бейкүнә адамдарға кері әсерін тигізеді.Бір сөзбен айтқанда, , егер халықтың үштен бір бөлігі темекі шексе, онда бәрі де шегеді деген сөз.Ғылыми деректерге сүйенетін болсақ, тұтанған темекі түтіні екі түрге бөлінеді - бұл негізгі түтін, бұл шылымқордың үлесіне тиетіні. Екіншісі-қосалқы түтін. Жазықсыз жандарды жазалайтыны да , ең ұлысы да осы соңғысы. Сондықтан да осы шылымқорлықтың түп тамырына балта шабатын, сіз бен біз десек артық айтпаған болар едік.
Тағы да бір дерекке сүйенетін болсақ, тұтанған темекі құрамындағы улы заттардың 25 пайызы жанып кетсе, енді бір 25 пайызы шылымқордың үлесіне тиеді.Ал қалған 50 пайызы сіз бен біздің үлсімізде қалады. Адам өміріне темекі шегу өте зиян. Оның түтіні адамның басын ауыртып, адам ағзасына улы түтіндер қатер төндіруі мүмкін. Темекідегі никотин адам ағзадасын уландырып, біртіндеп артып, қалдықтары ішкі ағзаға түсіп, адам өліміне апарады.Ғалымдардың айтуынша, темекі шегушілер 25-тен астам ауру түріне себепші болады екен. Атап айтқанда: өкпенің қатерлі ісігіне 90 пайызы, созылмалы бронхиттің 75 пайызы, жүрек аурудың 25 пайызы, тыныс алу жолдарына да үлкен қауіп төндіреді екен. Темекі шегушіліктен жыл сайын 5 миллиондай адам көз жұмады. Яғни, әр 6,5 секундта біреуі үзіледі. Темекі құрамында никотиннен басқа 4000-ға жуық химиялық элемент бар. Көбісі улы.Иіссіз, түссіз.Ауаға елеусіз тарайды. Сол себепті шегушіден гөрі төңірегіндегі шекпейтіндерге темекі түтінінің зияны орасын зор. Өркениетті елдерде темекі өндіруді, оны жарнамалап насихаттауды шектеу жарты ғасыр бұрын қолға алынған. Шектеу қойғаннан түк те шықпады-ау. Темекі қымбаттағанымен де әуестенушілер алып жатқаны аян. Оған қорқыныш бейнесіндегі суреттер салынып жатса да қоятын адамдардың түрі азаяр емес. Сондықтан да оған, телеарнасында темекінің зияндығын жарнама ретінде бейне сюжет көрсетіп отыру керек. Сонда ғана оның зияндығы туралы адамдарда қорқыныш, үрей пайда борып, әуесқой жастарымыз азаяр деген ой туындайды.  Темекі түтініде ісік тудыратын өте күшті заттар: З,4- бензпирен, кадмий, мышьяк тағы басқа түрлері бар.  Дәрігерлердің анықтамасы бойынша, Қазақстанда жылына 24000 темекі шегуші дүниеден озады екен.Қарапайым тілмен айтқанда , жылда бір қала тұрғыны жер бетінене жойылады екен.Бүгінгі күні қыздарымыздың темекі шегіп әуестеніп бара жатқаны ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін болды. Бұл үлкен қасірет. Өйткені қазіргі қыздарымыз – болашақ аналар. Олар ұрпағымызды жаңғыртушы ретінде темекінің ісік тудыруға себепші екенін білуі тиіс. Сондақтан әрбір адам шылымқорлық пен маскүнемдіктің тек бір адамға ғана зиянын тигізіп қана қоймай, оның болашақ ұрпаққа да тигізетін қайғы-қасіретін  білгені жөн.Адам өзінің ерік-жігері арқылы тәннің қорғаныстық күштерін арттыруымыз қажет. Ол үшін күн сайын  суық сумен жуынып, дененің қозғалысын көбейтіп, жаяу жүру, жүгіру, таза ауада жиі болуды күнделікті әдетке айналдыру керек. Сонда дененің көптеген ауыру тудыратын қоздырғыштарға  төзімділігі артады. Түрлі дерт туындататын , соның ішінде ісіктің дамуына әкелетін жолдар тежеледі. Алайда, дені саудың жаны сау дегендей, денсаулық өзімізге ауадай қажет екенін ұмытпағанымыз жөн. Олай болса, тіршілігіміздің тәтті базарының ерте тарқауына себепші болып отырған темекіні тұрмыстан аластатудың қамын ойластырайық.
Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Тарих пәнінің мұғалімі
Ағыбаева  Айгүл  Әбдіәлімқызы.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Aigerim в категории Животные, Растения