Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Туған жерім –байлығым....

   Туған  жер ... Осы бір сөздің құдіреті ерекше. Шалғайда жүрсек те туған жерді аңсап тұрамыз. Оған тілеушіміз. Жақсысын естісек , асқақтай қуанып , мақтана жөнелетін әдетіміз бар. Ол әр адамның бойындағы қасиет болу керек. “Туған жерге туың тік” дейді халық даналығы. Сондықтан туған жер біз үшін жүрек түкпірінде тұрып , ерекше орын алатыны сөзсіз.
   Менің туған жерім Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Архат ауылы. Архат - шалғайда, таудың ортасында орналасқан ауыл. Табиғаты керемет. Тау , тасы аңызға айналған менің ауылымдай ерекше мекен елімізде некен –саяқ. Жазы жанға жайлы салқын, қысы қақаған аяз. Архаттың тауларын әңгіме қылмайтын, жырға қоспайтын адам кемде-кем шығар.
     Архаттың Архат деп аталуының өзі аңыз. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Айбас  батыр ұзақ жол жүріп, осы ауылға келгенде аты болдырып шаршаған деседі. Аты арықтағандықтан, сол жерге “Арық ат” деп ат қойған екен. Кейіннен “арық ат” ауыздан-ауызға “ Арқат”  болып жеткен тәрізді.Осы аңыздың өзі адамның қызығушылығын оятып, назарын аудартатыны сөзсіз.
   Сондай-ақ , біздің ауылымыз “Жеті батыр” ауылы деп те аталады. Оның өзі жеке бір үлкен әңгіме. 1941-1945 жылдарды қамтыған Ұлы Отан соғысында шалғайдағы осы кішкентай ауылдан Кеңес Одағының екі батыры шыққан. Оның бірі менің атам Зәкария Белібоев болса , екіншісі Серікқазы Бекбосынов. Екеуі де ауылдың мақтанышы. Олардың ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі - өнеге. Және Кеңес Одағының Батыры атағымен бірдей аталатын үш “Даңқ” орденінің иегері Шығыс мақтанышы Баян  Байғожина да осы ауылдан, Архаттың тумасы. Қан майданда осылайша өздерінің ерлік жолдарымен жеңістің жақындауына үлес қосқан батырлар өз ауылының ғана емес ,елдің туын желбіретті.
   Бұдан соң өзінің қажымас еңбегімен еліне адал қызмет еткен Социалистік Еңбек Ері атанған батырлар да біздің ауылдан. Олар Жұмағайша Жакина , Болат Бағдатов, Өртқали Қасымжанов және Бекембай Әбжанов.   Еңбегі ерен тұлғалар әрқашан халқына қызмет етті.Міне, осындай жеті батыр шыққан өлкені Семей өңірінде “ Жеті батыр” ауылы дейді.
   Ауылымнан бүгінде ел алдында жүрген тұлғалар шыққан. Ақын Бауыржан Жақып, Қалқаман Сарин , әнші Гүлмира Сарина, білім саласында зор қызмет атқарып жүрген Ақерке Мақашева, журналист Қарлығаш Сайлаубаева осының дәлелі.
   Менің туған елім –менің мақтанышым.

№74 жалпы білім беретін мектептің
                        қазақ тіілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                        Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Туған жерім, Катоным!
Шығарма.
Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас, - демекші әр адам өзінің туып өскен жерін ерекше жақсы көреді, киелі орын ретінде санайды. Туып өскен жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да балалық шақтан бастап Отанға сүйіспеншілік, махаббат сезімі оянады.Әрбір адамзат үшін Отан отбасынан басталатыны мәлім: туған жер, туған көше, туған қала тіпті мен үшін туған ауыл. Менің ауылым кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Катон- Қарағай ауылы.
Қайран ауыл! Қасым ағамыздың осы бір өлеңі әнұрандай әр ауыл баласының ойында жаттаулы шығар. Қазақ баласының бойындағы асыл сезімдердің бірі – өзінің туған ауылына деген жүрек сыздатар ерекше бір сағынышы. Күнделікті өз көзімен көріп жүрген ауыл адамдары, әрине, оны көп ескере бермейді. Алыста жүрсе, ауылының әрбір қырқасы мен төбесін, жайнаған жазық даласын, ормандағы тоғайын, бірге өскен достарын, ағайын-туыстарын, оқыған мектебін, ұстаздарын, ауылдастарын сағына еске алатын кездерінің өзі адамның жаның бір марқайтып тастамай ма?
Катон-Қарағай табиғаты өте бай, саңғырлап аққан суы мен бұлағы, бұғылары бар. Қыста да жазда да биік таулырдың төбесінде аппақ болып қар жатады, шабындығы жайнап тұрған  кең- байтақ Сары-Шоқы даласы. Бала кезден дәл осы Сары-Шоқыға әкем бізді шөп шабуға апаратуғын. Шабынды жерімізде шөбі қалың,  қайың ағаштар мен Балғарағай өседі. Түскі ас кезінде кепкен ағаш бұтақтары мен кепкен шөп жинап, от жағып қазанымызға ет асып, көже пісіретінбіз. Маңайдағы өскен шөптің бәрі дәрілік шөптер. Шәйімізге маңайдағы өсіп тұрған қызылқат пен аю қарақат жапырақтарын теріп алып , хош иістерін шығарып , қайнатып қосатуғымыз.
Алланың жаратқаны Катон-Қарағай өлкесін.
Суын ішсең тоймайсың, ауасын жұтсаң таңертен,башпайына жетеді.
Сондай менің туған жерім, КАТОНЫМ!
Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті.
Туған жерге, Туған елге, Туған тілге ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ
. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Табиғаты көркем туған жерім

Жерің сулы болса,нулы да болатыны айтпаса да белгілі. Менің де туған жерім ежелден талай тарих куәсі, Жер –Ананың бір тамырындай дамылсыз ағып жатқан Ойыл өзенінің бойында. Осы өзенге талай қасиетті жанның беті жуылып, қаны тамбады деп қалай айта алмақпыз?! Бүкіл тарих қойнауындағы шындық сырын ішіне бүккендей сылдырап жай ғана ағып жатыр. Жағасындағы қалың «Қазбек» тоғайы құс шуылымен жарасып тұрғандай.Менің туған өлкемнің табиғаты өте әдемі және өзінше ерекше.Бірақ мен оны тәкаппар да киелі аққусыз елестете алмаймын.Мен мөп-мөлдір Ойыл өзенінде әдемі аққулар жүзіп жүргенін ұнатамын.Өзінің жай қозғалысымен маған жақындап, кіршіксіз аппақ қанаттарын қағып, маған: «мен ешқандай зұлымдыққа бейімсіз бейкүнәмін» деп айтатындай. Біз осы қоршаған ортаның әсемділігі мен үйлесімділігіне тамсана отырып, өтірік пен сатқындыққа орын жоқ әлемге тап болғандаймыз.Біз тек өзен мен аққулардан басқа ештеңе көрмейміз... Неге адамдар осы әсемдікке барар жалғыз әлемді құртқысы келеді? Осы жаратылысқа жай ғана сүйсінуге болмай ма? Маған өлкемнің әрбір тасы, талы, жаңбыры, ерке Ойыл өзені, мәуелеген жеміс жидекке толы жазы, алтындай саф ауасы, кеудемді толтырған қысы әр кездеде ыстық.Даңқ орденінің толық ковалері Шүкір Еркінов, ғалым Х.Досмұхамедов, М.Мөңкеұлы т.б аталарымыздың осы өлкеде туғанын мақтаныш етемін.Менің атам Мырзабайда осы өзеннің көк майсалы жағалауында көп жыл озат шопан болып, мал төлдетуден ауылымыздың мақтанышына айналған. Туған жеріңді қанша мақтасаңда сөз жетпейтіні сөзсіз...

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің

2 сынып оқушысы Саматқызы Альфия
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ