Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
жазғы демалыс туралы айтып берсеңіздер шығарма әлде эссе түрінде
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Жазғы демалыс
          Менің атым-Арман. Мен жаз мезгілін асыға күтіп, өз демалысымды алдын-ала жоспарлаймын. Бірақ жоспарланған істер әрдайым  жүзеге аса бермейді.Әдетте жаз жоспарланған көп істер жүзеге аспай, аза өткен уақытпен есте қалып жатады.Бірақ, бұл жолы бәрі басқаша болды.Мамыр айында сынып жетекшімыз бізге түрлі демалыс орындары туралы мәліметтер берді. Өзімнің баяу, тасбақа жүрісті екенімді ескеріп, алдын-ала жазғы демалысқа жолдамаға өтінім беріп қойдым.  Содан соң асықпай сөмкемді жинай бастадым. Өзіммен шағын ғана сөмке алып тек керекті заттарды жинай бастадым, көп киім алмауға тырыстым. Кететін күні мені барлық отбасым болып шығарып салды.Мен олардың уайымдамауын сұрадым.Туғандарыммен қоштаса салып, мен өзім сияқты белсенді демалысты ұнататын балаларды көруге асықтым.
        Демалыс орынына келгенде менің алғашқы байқағаным, балалар өте көп жиналыпты. Мен негізінде лагерде демалу өткен уақыттың ісі, көп балалар бара қоймас деп ойлаған едім қателесіппін. Барлық балалар өте белсенді, көңілді екенін көріп, ішімнің пыса қоймасын түсіндім. Жаңа орынға тез үйреніп алдым.  Таңертең бәріміз бірге оянып, жаттығу жасауға далаға шығамыз, содан кейін таңғы ас ішеміз. Демалыс орынында күніне бес рет тамақтандырады екен. Бас аспаз Гүлнәр апай тамақтары үйдегідей дәмді пісіреді екен. Өзім сияқты бірнеше балалармен тіл табысып алдым.Біз көбіне баскетбол алаңында жиналатын болып алдық. Демалысымызды ересек топ балаларымен ұйымдастырылған спорттық ойындар түрлендірді. Мен олар өткізген барлық іс-шараларға қатысуға тырыстым.Жүлделі орындарға да ие болған кездерім  болды.Допты қуалай-қуалай жыртуға дейін жеттік. Мен тіпті интернет туралы ойламадым да, онда интернет тіпті жоқ екен. Кешкісін біз алаудың жанында отыруды жақсы көретінбіз. Біздің жетекшіміз гитарада жақсы ойнайды екен, мен бірнеше өлең де жаттап алдым. Біз «Армандастар», «Ауылым», «Атамекен» т.б. патриоттық әндерді шырқадық.  Ал, демалыстық соңғы күні өзіміз концерт ұйымдастырып, КВН ойындарын өткіздік. Жетекшілер ұжымы бізге би кешін дайындапты. Бізге бәрі қатты ұнады. Міне, осылай бір ай уақыт көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Таза ауа, көтеріңкі көңіл-күй, түрлі ойындар... Мен демалысымды керемет өткіздім.
          Кетерде біз алдағы уақытта араласып тұру үшін бір-біріміздің телефон нөмірлерімізбен алмасып алдық. Қоштасарда шамалы бір-бірімізді қимағанымызбен бәріміз де, үй-ішімді және көрші достарымды  сағына бастаған едік.Мен осы демалысымды лагерде өткізгеніме өкінген жоқпын, жаңа достар таптым, жаңа энергия, жаңа әсер алдым.Келесі жылы жазғы демалысымды тағы да осы лагерде өткізетініме сенімдімін.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
3 ответов
спросил от аноним в категории Школы
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ