Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Түпқараған – туған жерім

     Сан ғасырлар бойы сан-сапат оқиғаларды, талай ауыртпалықты бастан кешкен тауқыметті  түбектің  көнетоз табалдырығындай  осынау шағын шаһар көз алдымызда көсегесі көгеріп жатқан тәуелсіз Қазақстанды осы заманғы әлемдік экономикалық қарыштаудың шалқар жазираларына жалғастырар алтын маңдайшалы ақ ордасына айнала бастады.  Бүгінгі таңда  Қараған түпті  мәңгілік қоныс еткен, ынтымақ пен жарасымға ұйыған, ырысы мол қала Болашаққа еркін бағыт алды. Алайда, жаңаның аты жаңа, көненің аты кене емес пе?. Ата-бабаларымыздан қалған "Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпес" деген сөзде өте үлкен мағына бар. Бүгінгідей өз алдына дербес, тәуелсіз, көк туымыз көкке желбіреп егеменді ел болып, етек жиып жатқан тұста Елбасымыз Н. Назарбаевтың өткенді, өткен тарихты зерделей отырып оны тірілту, тарихи-рухани асыл мұраларға көздің қарашығындай мұқият қарап, ұлттық сананы жаңғырта беру турасындағы көрегенді бастамалары терең көшелілікті аңғартады әрі тың да игілікті, анық істерге бастайды.

спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Кетік – ежелден түбектің құрылысшы қаласы. Маңғыстаудың елді мекендері құрылысқа керек ақ тас пен әкті осыннан алып отырған. "Елде болса, ерінге тиеді" деп халқымыз бекер айтпаған ғой. Кетік тұрғындары үйлерін, қора-жайларын қиыршық тастан салып, ақ шағаладай етіп әктеп, өзі тұстас қалалар арасында құрылыс салудың өзгеге ұқсамайтын мәдениетімен ерекшеленген. Форт-Шевченкодағы ғибадатхана, күмбез тамдар, ескерткіштер, теңіз шамшырақтары - құрылыс салудың ертеден дамып келе жатқандығының айғағы.Қала төңірегіндегі баутин, Аташ, Қызылөзен және т.б. ауыл аймақтар Кетіктен үйреніп, құрылысты қалалық үлгімен жүргізуге машықтанған. Бір ғажабы, тек қана Маңғыстаудағы ғана емес, бүтіндей қазақстандағы алғашқы радиоантенналы телеграф Фортта орнатылған. Өлкедегі ең бірінші мәдени және білім ошағы да осында, Фортта, 1873 жылы ашылды.

         Түбектің құт-қазаны түпқараған! Ия, қойнына құт пен қазынаны толтырған киелі  қарашаңырақтың қасиетті де қадірлі жерлері таусылмақ емес.. Тарастың талы қалған соқта заман,

Талдырып кетсе-дағы тоқтамаған.

Тамшалы көз жасы ма Қайыбыңның

Тауыса алмай өткен Ақбөбек-ән.

Тарихтың талқысынан шыққан аман,

Тәуелсіз елдің Туын нық қадаған.

Төскейі төлге толы, кенге толы-

Түбектің құт-қазаны Түпқараған
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов