Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

         Сымбатты сымдай тартылған мүсін – кез-келген адамның арманы. Сондықтан диета түрлері мен дұрыс тамақтану туралы ақпарат күн санап артуда. Шын мәнінде арықтауды қалап және соған қол жеткізген адамдардың пікірін қарайтын болсақ, қарақұмықтың, айранның пайдасы жайлы көп кездестіруге болады.

Қарақұмық пен айран  өз салмағын қадағалайтын  адамдар үшін ең маңызды тағамдардың бірі болып есептеледі. Осы тағамдардың көмегімен ағзаны тазалауға байланысты аз айтылып жатқан жоқ. Алайда екеуін бірге қолданып көрген адам кемде-кем шығар.

Қарақұмық пен айранның әрқайсысын жеке-жеке алып қарасақ та, ағза үшін пайдасы орасан. Ал екеуін бірге қолдану арқылы пайдасын екі есе арттырасыз.

ответил от Kuaniysh
0 голосов

         Ағзаны тазалауға бөлінетін күнге арналған қарақұмық ботқасын мынандай тәсілмен дайындайсыз: қарақұмық ұнтағын жуып, бірнеше минут ыстық суға бұқтырасыз. Суын төгіп, қайтадан қайнаған су құясыз да, бетін жауып, таң атқанша қойып қоясыз. Бұдан оңай тәсілі де бар: жуылған қарақұмыққа су құйып, қайнағанша отқа қоясыз. Қайнаған соң отты өшіріп, бетін жауып, бір түнге қалдырасыз.

         Ағзаны тазалауға арналған бір күнге 1-1,5 стакан дайын ботқа мен 1 литр айран қажет. Айран мен қарақұмықты әрқалай үйлестіруге болады:

  • Әрбір тұтынар уақыттың алдында  қарақұмыққа аз-аздан айран қосып отыру;
  • Айранды  тамақтанар алдында жарты сағат бұрын  немесе тамақтанып болған соң жартты сағаттан кейін ішу.
ответил от Kuaniysh
0 голосов

Ашығу күнін шикі қарақұмық ұнтағымен де өткізуге болады. Ол үшін қарақұмықты жуып, кептіріп, 1:2 мөлшерінде айран құйып, бөлме температурасында бір түнге қалдырасыз. Шикі күйінде қарақұмықтың дәрумендері көбірек сақталатындықтан, соңғы әдісіміздің пайдасы – көбірек.

Егер ағзаңыз бұндай ашығуды көтере алмайтын болса, айран қосылған қарақұмықты таңғы асқа пайдалануды әдетке айналдырыңыз. Бұл іш құрылысын тазалап, артық 3-4 килограмнан арылуға септігін тигізеді.    

ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ