Температура
Суық тиген кезде температура 37,5-38 градустан көтерілетін жағдай сирек кездеседі, көтерілмеуі де мүмкін. Өзіңізді қалай сезінетініңізді ескере отырып, температураны түсірген жөн. Егер 37,5 градуста өзіңізді жақсы сезінетін болсаңыз, онда температураны түсіретін дәрі-дәрмек ішудің қажеті жоқ.
Тамақтану
Суық тиген кездері аз-аздан тамақтанған дұрыс, әсіресе , жеңіл көкөніс сорпасы немесе тауық сорпасы пайдасын тигізеді. Аурумен күресіп жатқан ағзаға ауыртпалық түсірмес үшін майлы тағамдардан бас тартқан жөн.
Вирусқа қарсы дәрілер
Қазіргі кезде бәріне таныс вирусқа қарсы құралдардың пайдасы дәлелденбеген. Әрі вирус суық тиюден пайда болған ауруларды қоздырмайды. Бұндай құралдарды пайдалануға болады, аса зияны да жоқ, алайда пайдасы да – күмәнді.
Профилактика
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының пайымдауынша, суық тиюге қарсы ең тиімді ем түрі – салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және шынығу. Сау әрі мықты ағза, қымбат дәірлердің көмегінсіз-ақ, тұмауды аз уақыт ішінде жеңіп шығады.