Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы:WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік:Өткен тақырыпты еске түсіру. Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық:Оқушылардыұ ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру . 1 минут

2.Өткен тақырыпты еске түсіру. 5 минут

3.Үйге берілген тапсырманы тексеру . 5 минут

4.Жаңа тақырыпты түсіндіру. 10 минут

5.Тапсырмаларды орындау 10 минут

6.Сергіту кезеңі 2 минут

7.Ауызша тапсырма 2 минут

8.Полиглот   5 минут

9.Сабақты бекіту.3 минут

10.Бағалау  1 минут

11.Үйге тапсырма беру. 1 минут

І. Өткен тақырыпты қайталау

Сонымен балалар алдыңғы тоқсанда  өткен соңғы тарауымыз Paint графикалық редакторы болды. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге бір сурет экранда көрсетемін, сол суретті  тақтада салу керек. Мен кесте дайындап қойдым. Кестедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.

  1. Paint редакторын ашыңыз, жұмыс алаңының түсін аспан көк түсіне келтір.
  2. Үлкен тік төртбұрыш сал, түсін қоңырға боя.
  3. Терезе көлемі тәрізді етіп дөңгелек бұрышты төртбұрыш сал, түзу сызық таңдап сызықтар жүргіз.
  4. Оны көшірмелеу арқылы алтауын жаса.
  5. Терезелер түсін сары етіп боя,  есік суретін салып боя.
  6. Шеңбер арқылы күн, түзу сызықтың қалыңы арқылы сәуле сал.
  7. Тал суретін сал. (Қоңыр түзу сызық, жасыл түсті қарындаш арқылы жапырақтар), тал суретінің үшеуін көшірмеле.
  8. Суретке   «Мой дом» деп жазу кірістір, дәл осылай сақта.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Енді балалар жаңа сабақты түсіндірмес бұрын үй тапсырмасын тексеріп өтейін.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін косуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.

Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға

болады.

Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге жазып қоюға да болады.

ответил от Ulia
0 голосов

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА Ж¥МЫС ІСТЕУ

WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => WordPad. (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты -> WordPad.. Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында қркат аты және WordPad. бағдарламасының аты көрінеді. Құрал-саймандар тақтасында, пішімдеу тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

image

WORDPAD - та құжат құру

WordPad құжат кұру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
  2. Мәтінді енгізу және редакциялау
  3. Мәтінді пішімдеу
  4. Құжатты сақтау және ашу
  5. Осы сатыларды қарастырайық:

1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Мәтінді термес бұрын  қажетті тілді таңдап аламыз. Қаріп түрлерін кұрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.

image    image                

2. Мәтінді енгізу және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:

Enter - жаңа жолға көшу

Shift - бас әріптерді теру

СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу

Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру

Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

3. Мәтінді пішімдеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады. Ол үшін пішімдеу тақтасындағы  Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертеміз.Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданамыз.

4.Құжаттарды сақтау және ашу:

WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындаймыз. Сақталған құжатты ашу үшін: Файл - Открыть командасын орындаймыз.

Жаңа құжат құру үшін: Файл - Создать командасын орындаймыз. Жаңа құжат терезесінде құжат түрін таңдап ОК  шертеміз

IV. Компьютерде тапсырмалар орындау:

1 – тапсырма.

Мәтінді теріңіз.  Мәтін өлшемі – 20, орта бойынша туралауда орында.

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі»

2 – тапсырма.

Мәтіннің өлшемін – 16, түсін – жасыл, сол жақ туралауда, түрін – жартылай қарайтылған курсивті қылып пішімдеңіз.

«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені - сынғаны»

3 – тапсырма.

Мәтінді теріңіз, оны белгілеп алып асты бір сызықпен сызылған, әрі қарайтылған, орта бойынша тураланған етіңіз. Мәтін өлшемі – 14, түсін – көкпен өзгертіңіз. Осы құжатты  «Білім» атымен сақтаңыз.

V. Сергіту кезеңі.

1.Саусақ жаттығуларын жасау

2.Көз жаттығуларын жасау

3.Йық жаттығуларын жасау

VI. Ауызша тапсырма.

Қателерді анықтау

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.

Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын.                                                                                       Жауабы:   7 қате

VII. Полиглот.

image

VІІІ. Сабақты бекіту: (Терезе қатарларын құрастыр)

image

ІХ Бағалау

Х. Үйге тапсырма:  Word Pad  мәтіндік редакторында жұмыс жасау.

                                   «Word Pad» сөзіне сөзжұмбақ, ребус құрап келу.

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ