Пәні: математика | Күні:27.01.2016ж | 5 сынып |
Сабақтың тақырыбы: | Жай бөлшектерді көбейту. |
Сілтеме | Математика оқулығы, сабақ жоспары, слайд А.Алдамұратова, Е.Байшоланов «Атамұра» баспасы |
Жалпы мақсаты | Жай бөлшектер мен жай бөлшектерді, жай бөлшектер аралас сандарды көбейту ережесімен таныстыру және есеп шығару барысында қолдана білуге үйрету. |
Міндеттері | Оқыту: Жай бөлшектерді көбейту алгоритмін практикада қолдану машықтыктандыру; Дамытушылық: Ауызша есептеу, тез есептеу дағдыларын қалыптастыру; Ойын жеткізе білуін және ой-өрісін кеңейту. Тәрбиелік: ұжымда, топта, жұпта, жеке жұмыс істеуге тәрбиелеу; Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге, сауаттылыққа тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту ережесін меңгереді, есептер шығаруда сол ережелерді қолдана біледі. |
Негізгі идеялар | Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейтуді орындай білу біліктілігін қалыптастыру |
Тапсырмалар | Ой қозғау сұрақтары Оқулықпен жұмыс, топтық және жеке тапсырмалар Жаңа сабақты меңгертуге арналған ауызша тапсырмалар Есептер шығару, кері байланыс орнату. |
Қолданылатын әдіс тәсілдер: | Түсіндірмелі сұрақ -жауап, СТО стратегиялары, түсіндіру, диалогтік оқыту, талдау, топтық жұмыс |
Сабақтың түрі: | Жаңа білім беру |
Сабақтың дидактикалық кезеңдері | Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті | Жұмыс тәсілдері, Әдіс-тәсілдері | Бағалау | Ресурстаркөрнекі- ліктер |
Жұмыс бағыттары мен әр дидактикалық кезең мақсаты | Сабақтағы дидактикалық кезең мазмұны | | | |
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, зейінін мақсатқа бағыттау. Бағалау түрін түсіндіру. Бағалау тақтасына ұпай түрлі түсті стикермен бағаланады. | Сыныпты 3топқа «Жай бөлшек», «Натурал сан», «Аралас сан» | Тәсілі: Сұрақ- жауап Формасы: ұжымдық. | Бағалау тақтасы | Кеспе қағаздар, түрлі түсті стикерлер |
Жаңа сабаққа дайындық | «Миға шабуыл» сұрақтары. Жай бөлшектерді қысқарту;бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру. Жай бөлшектерге амалдар қолдану. | Негізгі ұғымдарды қайталайды. Мысалдар келтіреді. Сұрақтарға жауап беріп, ұпайларын бағалау тақтасына белгілеп отырады. | Тәсілі: Сұрақ- жауап Формасы: ұжымдық. | Түрлі түсті стикерлер | Слайд |
Жаңа сабақты түсіндіру | Оқушының сабаққа қызығушылығын тудыратын тақырыпқа байланысты проблемалық сұрақтар слайдта беріледі. Өзіндік пікірін қалыптастыруға бағдар беру; Практикалық білімдерін пысықтауға бағыт беру; | Жай бөлшектерді көбейту ережелерін айтады және мысалдармен түсіндіреді.Постер жасап қорғайды. | Әдістері: ой тудыру, қорытынды ойға жетелейтін пікір алмасу. | Түрлі түсті стикерлер | Оқулық, А3фор- маты, маркер |
Жаңа сабақ бойынша ауызша сұрақтар. | Слайдтағы есептерді ауызша орындата отырып, өз білімдерін пайдалана отырып, есеп шығаруда біліктіліктеріне жағдай туғызу. | Мысалдар арқылы есептеу дағдыларын қалыптастырады. | Жалпы дидактикалық әдіс: нақты пікір айтуға ұмтылдыру. Тәсілі: жеке. | Түрлі түсті стикерлер | Слайд |
Жаңа сабақты пысықтау | Оқулықтан тапсырмалар орындайды. Бірінші болып орындаған топ оқушылары тақтаға жазады.Оқулығтағы №1077-1079есептер | Оқушылар оқулықтағы тапсырманы топтасып шығарып, тақтаға жазады. | Тиянақты жұмыс жасауға икемдеу. Тәсілі: топтық, жеке. | Түрлі түсті стикерлер | Оқулық, жұмыс дәптері |
Сергіту сәті | ; ; берілген бөлшекерді оқып алымын, бөлімін ажырта білуге, тез ойлауға, шапшаңдыққа бағыттау | Бөлшектің алымы / орнымыздан тұрамыз/ Бөлшек сызығы / екі қолымызды екі жаққа созамыз/ Бөлшектің бөлімі /Орнымызға отырамыз/ | Тәсілі: ұжымдық, топтық , жеке. | | Слайд |
Жаңа сабақты бекіту | Практикалық білімдерін толықтыруға бағыт беру, дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасау | Оқушыларға жеке тапсырмаға тест беріледі,тақырыпты қорытындылайды | Жеке тапсырмаға тест | Түрлі түсті стикерлер | үлестірме қағаздар |
Рефлексия | Жасыл алма: сабақ маған ұнады. Сары алма: Сабаққа түсіндім, бірақ есептегенеде қиындық келтірді. Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз. | Алма пішінді стикерді түсіне қарай таңдап алады. | Тәсілі: жеке | | Түрлі түсті стикер |
Бағалау | Оқушы пікірін тыңдау және бағалау тақтасындағы ұпайларын санау. | Стикерлерді санау арқылы бағалау | бағалау | | Түрлі түсті стикерлер. |
Үй тапсырмасы | Үй тапсырмасын дұрыс орындауға бағыт беру №1080-1081есептер | Есептер шығару арқылы өз ойларын сауатты және нақты жеткізуге бағыттау | | | |
| | | | | | |