Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы – береке,
бірлік – ең бірінші ұстанымымыз
спросил от Durus surak в категории Казахские традиции

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы – береке,
бірлік – ең бірінші ұстанымымыз

    Қазақстан Республикасының тәуелсіз, дербес мемлекет болғанына міне жиырма бес жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде еліміз басынан көптеген қиыншылықтарды өткеріп, биік белестерді бағындырды. Әрине, тарих үшін жиырма бес жыл ұзақ уақыт емес, бірақ біздің жас мемлекетіміз үшін бұл – үлкен кезең.
    Жиырма бес жылдық тәуелсіз тарихымыздың жетістіктерін тізе берсек өте көп. Осы аталған қысқа мерзімде жеткен жетістіктердің өзі 100 жылға пара – пар. Береке, бірлік – ең бірінші ұстанымымыз. Ширек ғасырда жеткен бүкіл жетістігіміздің төркіні сол ынтымақ, жарасымымызда. Жеткен биігіміз қайсы десек, ең әуелі мемлекеттік тілімізді айтар едім. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мінберге шығып Қазақ елінің Президенті алты алаштың тілін алты құрлыққа паш етіп, алты тілге аудартты. Қазақ тілінде үн қатып төрткіл дүниені бейбітшілікке шақырды. Ағылшын тілі – тірлік тілі дейтін болсақ, қазақ тілі – бірлік тілі. Қазақ тілін отбасы, ошақ қасымен шектемей, оны мемлекеттік тұрғыда әлемдік деңгейде таныту маңызды. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді». Алпауыт мемлекеттер бір – бірімен қырғиқабақ болып жатқан кезде Президентіміз қазақ тілімен жер – жаһан жұртын бірлікке шақырды.Төрге шығып төрелік айту сол төртеудің түгел болғандығынан шығар деп ойлаймын. Елбасының сындарлы саясатының арқасында орнаған тыныштықтың, берекенің сақталуына атсалысу әрбірімізге парыз.
    Жеткен жетістігіміз аз емес. Оның бір дәлелі «Мәдени мұра» бағдарламасын жасап, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткеніміз. Құпия шежірелерге толы әлемдік деңгейдегі бай кітапханалардың архивтеріндегі шаң басқан құжаттарды ақтаруға мықты ғалымдарымызды жіберудегі мақсат Қазақ елінің байырғы және бүгінгі тарихын тұтастыра жазу, Күлтегін заманынан тасқа қашалып жазылған тағдырымызды бойға сіңіру болды.
Алған биігіміздің ең асқағы – Астананы салғанымыз. Елорданы көшірерде Елбасының сағымданған сары дала Сарыарқаға сұқ көздерін, сұғанақ көздерін сүзіп отырғандар жоқ еместігін, жер жәннаты Жетісуға сыймай емес, қимай кетіп бара жатқанымызды, өйткені, уақыттың ауыр талабы осылай болып тұрғанын толқи айтқаны есте. Тәуелсіз ел санасын қалыптастыру уақыт талабынан туындаған тұста халықтың тағдыр тізгінін қолына ұстаған Президент сол жолға жетеледі, тәуекел етті. Сондай нартәуекел мен бірліктің арқасында Астана бой көтерді. Тағы бір үлкен бақытымыз – шекарамыз бүтінделді. Бұл мәселеде де Президенттің үлкен рөлін айтпай кетуге болмайды. Олай дейтінім, көрші мемлекеттердің арасында әлі күнге шекара мәселесінде бір келісімге келе алмай жүргендері бар.
    Президентіміздің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты 2011 жылғы халыққа Жолдауында «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 % - ға жеткізу. Ал енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100%-ы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» делінген. Елбасының осы қойған міндеттерін жүзеге асырудың бір жолы, мектеп оқушыларының мемлекеттік тілді тезірек үйренуіне мектеп мұғалімдері, біздер үлгі көрсетіп, өнеге болуымыз керек. Ал, бұл өз кезегінде барлық метеп оқушыларын патриоттық рухта тәрбиелеуге де игі әсерін тигізеді деп сенім білдіреміз.
    Құрметті әлеумет, Қазақстан – атты қара шаңырақтың тұрғындары, қырандай алысқа самғап, тұлпардай тұяқты болайық, күн сөнгенше сөнбейтін Мәңгілік Елдің жасампаз жандарына айналайық.





Ноғаева Ақмаржан Әлметқызы
Информатика пәнінің мұғалімі
«Болашақ» мектеп-интернаты
Тараз қаласы
ответил от Durus surak

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов