Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Әдет – ғұрып, салт – сана
спросил от Durus surak в категории Казахские традиции

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Әдет – ғұрып, салт – сана
    Терең танымды, қысқа қайырымды, азғана көркем сөзбен айшықты ойды білдіретін мақал – мәтелдерміз тіл байлығымыздың інжу – маржаны. Мақал – мәтелдің тек сыртқы бейнесі мен тұспалды ойынан өзге кейде назардан тыс қалатын жасырын мазмұны да болады. Тілдің, жалпы сөздің мәнін, астарлы ойын, тұспалды мағынасын, ишара белгісін айқын түсінгенде ғана сөздің пәрменділігі артады. Яғни, сөзге тоқтау үшін, сол сөздің мәнін және тұспалды мағынасын да білу керек. «Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді» дейді.
    Күнделікті өмірдегі салт – дәстүрлер, наным – сенімдер, түрлі ырымдар өзара тығыз байланысты. Олар терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі. Мысалы халқымызда «тұсаукесер» ырымы бар. Тұсауы кесілмеген баланың сүріншек болатындығы белгілі. Көпшілік адамның жүріс мәнері тұсауын кескен кісінің қимыл – қозғалысына ұқсас болатындығы, сол сияқты мінез – құлығының кіндік шешеге тартатындығы өмірлік тәжірибеде дәлелденген. Аяғын апыл – тапыл басқан баланың тұсауы кесіледі. «Тұсау» ретінде ала жіп немесе тоқ ішектің бірі таңдап алынады. Бұл – бала ұлы өмірге аяғын нық басып енсін деген ниеттің белгісі. Тұсаукесу құрметіне елге сыйлы, сабырлы, байыпты адамдар ие болады. Көпшілік жағдайда тұсаукесуге ала жіп алынады. Ала жіпті пайдаланудың өзіндік мәні бар. Лұхман хакімнің айтуы бойынша, өмірде он жұп болады. Солардың бірі ақ пен қара. Есілген жіптің бір қабаты ақ, екінші қабаты қара болып келеді. Жіптің екі қабаты ажырамастай астасып, кезек алмасып, тығыз өріліп отырады. Бұл тоқтаусыз ауысып келіп отыратын күн мен түннің белгісі. Сонымен қоса жалпы өмір, тіршіліктің ишара тұспаоды бейнесі болып саналады. Сондықтан да қазақ халқы ала жіпке киелі деп қарап, айрықша мән берген.
    Ел аузында «Жыланнан қорыққан ала жіпті аттамас» деген сөз бар. Бұл сөздің мәні қандай, мағынасы не? Тіке өз мағынасында қабылдауға бола ма? Ала жіп жылан сияқты болғанмен, адам көріп, біле тұра одан сескенбесе керек. Ендеше бұл сөздің тағы да басқа білдірер ойы болса керек қой. Шындығында да солай. «Жыланнан қорыққан ала жіпті аттамас» деген сөздегі ой – тұжырым сонау Мысыр елінің көне тарихынан елес береді. Перғауындардың билік белгісінің бірі айрықша жасалған таяқ болған. Оның басы жеті орам ала түсті, есілген ала жіп тәрізді. Ала таяқ ерекше қасиеттің және қара қылды қақ жарған әділеттіліктің бейнесі деп танылады. Үстемдік белгісінің екіншісі – перғауынның бас киімінде болатын жыланның мүсіні. Оның үрей деп аталғаны мәлім. Қазақ тілінде «үрей» қорқыныш мағынасына ие болған. Мүсін бірден көз тартатындай сымбатты, өте әсем әрі айбарлы, бір қарағанда тірі жылан сияқты әсер етеді. Жыланның мүсінін қымбат металдан жасап, көзінің орнына жарқырауық асыл тас орнатады. Қараған адамның бойын қорқыныш билейді. Сонымен «жыланнан қорыққан ала жіпті аттамас» деген, құдайдан (әмірші – патшадан, перғауыннан) қорыққан қылмыс жасамайды, әділеттілікті бұзбайды деген сөз деп пайымдауға болады. Яғни, қоғамдағы қабылданған ережелерді, салт – дәстүрді бұзбау, соларға сай әрекет ету керек деген ойды білдіреді. Бұл жерде жылан арқылы әмірші, басқарушы жалпы қоғам бейнеленсе, ала жіп әділеттіліктің шекарасын көрсетеді.
    «Біреудің ала жібін аттамау» деген сөз көпшілікке түсінікті, кісіге қиянат жасамау мағынасында қолданылады. Адамдардың бірін – бірі көрместей болып араздасуын бейнелеп айтқанда «ала жіпті кесісті» дейді. Қасиетті, киелі жіпті үзу ырымы дұшпандықты білдіреді, яғни өмірдің, тіршіліктің бейнесі болып саналатын ала жіпті үзу, дұшпанға өлім тілеу мағынасында қабылданған. Қарым – қатынасты тоқтатуды да ишара белгімен ала жіпті үзіп көрсеткен. Ала жіп үзілсе, қасиеті кетеді деп саналады.
    Сонымен бір сөздің өзі түрлі мағынада қолданылатындығын және оның кездейсоқ айтыла салмай, халықтың дүниетанымын көрсететіндей белгілі бір философиялық ойға құралатындығы көрінеді.
    Табиғатты зерделеп тани білген қазақ халқының өзіндік білімінің бір көрінісі қалыңмалдан байқалады. Қалыңмал мөлшерінің отыз жеті, қырық жеті болып келуінде терең сыр бар. Бұл аталған сандар малдың, болмаса берілетін дүниенің саны емес. Адам баласының өсіп өркендеуінің, өмірге келуінің бір белгісі, тұспалды сипаты. Кейбіреулер қалыңмалды көп мал, қыруар дүние деп түсінеді. Ақиқатында қалыңдықтың малы немесе қара мал деп аталған. Қара сөзінің «қасиетті» деген де мағына беретіндігін ескерсек, мұның ізгі тілектің емеуріні екендігі байқалады. Ал жоғарыдағыдай «қыруар дүние» деген теріс ұғым, тарылған пейіл мен рухани жұтаңдықты ғана көрсетсе керек. Қалыңдықтың малы қалыңдыққа және оның анасына көрсетілген құрмет қана. Өйткені қырық жеті деген малдың саны емес, 40 рет жеті, яғни қырық апта (40*7=280) дегенді білдіреді. Бұл сәбидің ана құрсағында болу мерзімі 9 ай, 9 күнге жуық. Қырық қасиетті сан, жеті де ерекше санның бірі. Қырық жетінің көрінісі былайша сипатталады. Жеті қат көк бар, әр көктің қырықтан періштесі, яғни қырық түрлі жақсылығы, ізгілігі болады. Ежелгі түсінік бойынша адам баласына әсер ететін күш, әр қат көктің өз иесі яғни сайраны (планетасы) болмақ. Олардың реті Зұхал (Сатурн), Мүштари (Юпитер), Маррих (Марс), Зүхра (Шолпан), Ғұтрад (Меркурий), Күн мен Ай. Ана құрсағындағы баланың өсу кезеңінің әрбір күні рухани күш – періштенің бақылауында болады. Күн сайын бір періште қамқорлық жасап отырады. Сонымен қырық жетінің қыруар мал, дүние – мүлік емес, терең аспани мәні бар тылсым күшті түсіндіруге ұмтылған әлемдік жұмбақтың шешуінің бір көрінісі ғана екендігін байқаймыз. Қалыңмал немесе қалыңдық малы деп шартты түрде аталғанмен, ол қалыңдықты 9 ай, 9 күн көтерген, жарық дүниеге әкеліп, мәпелеп бой жеткізген тәрбиелеген анасына деген тарту ғана. Сонымен қоса рухани күштерді – періштелерді құрметтеу, солардың ізгілігіне ана арқылы бас ию болып табылады. Осылардан келіп салт – дәстүріміздің терең де мәнді есепке құрылып, біздің дүние туралы түсінігімізден жоғары тұратындығы көрінеді. Ал қырық жетінің бодауына әр түрлі нәрсе жүре береді. Құдалардың әл – ауқатына қарай құлынды биеден бастап 500-700 байталға дейін барған.
    Отыз жеті туралы да дәл осындай пайымдау жасауға болады. Баланың дүниеге келу мерзімі 9 айға толмаған жағдайда, шала туғандар 7 айлық болса өмір сүруі мүмкін де, 6 немесе 8 айлық балалар тұрмайды. Бұл ежелден белгілі, қазіргі медицинада да мұны теріске шығармайды. (30*7=210) 7 айлық болып туғандардың белгісі есебінде қалыңмалды да солай атаған. Жеті айлық қыз бала дүниеге келгенде «Сүйінші, 37», ал 9 айлық болғанда «47» деп хабарлау, ұл болса әноқта жетектерә немесе әат ұстарә деп ишаралау, тұспалдау үрдісі болған.
    «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» дейтін қазақ мал – мүлікке дүние деп қана қараған ғой. Адам жер бетіне жинау үшін емес, дүние – мүлік адамның фәнидегі қажетін өтеу үшін белгілі бір мөлшерде ғана керек екендігін бабаларымыз жақсы түсінген. Бүгінде рухани мешеуленген кейбір адамыдар жер бетіне тек дүние үшін, мал – мүлік, жиһаз жинау үшін ғана келіп, бұл қмірден өтерінде соларын көзі қимай, өзімен бірге ештеңе де әкете алмай, ғазиз жанын қатты қинап, өкінішпен өтсе керек.




Ноғаева Ақмаржан Әлметқызы
Информатика пәнінің мұғалімі
«Болашақ» мектеп-интернаты
Тараз қаласы
ответил от Durus surak

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ