Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от amerikan в категории Путешествия, Туризм

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Табиғаттағы  сол бір күн....
Жуырда №28 Құсмұрын орта мектебінің түрлі деңгейдегі білім алушылары директоры және мұғалімдерінің бірлесуімен  Науырзым қорығына саяхат жасап келдік. Басты мақсат – қорықтың біз білмейтін сырларын тану, кездесе бермейтін өсімдіктер мен құс-жануарлары туралы ақпаратпен танысу, рухани жан дүниемізді байыту. Өзім, 8-сыныпта оқысам да, көрші аудандағы осындай керемет қорықтың одан да сұлу екендігін білмеппін. Жалпы, Науырзым менің ата-бабамның туған елі, кіндік қаны тамған жері. Сондықтан да болар, ауданға кіре берістен, жүрегім алып-ұшып, сондай қуанышты сезімге тола бастадым. Яки, бақытты сәт деген осы болар. Қорықтың мұражайымен танысып, көптеген ақпаратты мұражай қызметкерлерінен естіп, қорықтың біз білмейтін қырлары туралы бейнефильм көру арқылы, сонымен бірге  орман ішіне арнайы жолсерік қызметкермен ере барып, бірнеше жылдар бойы өсіп келе жатқан сырларға толы ағаш түрлерін көріп, тамсандық. Әсіресе, алты баланың құшағы жетпес  «үлкен қарағайлар»,  бірнеше жылдар бойы тапжылмай өсіп тұрған емен ағаштарын өз көзімізбен көру бір ғанибет екен. Кітап бетінен, ғаламтор желісінен көрген бір басқа, ал қолыңмен ұстап, көзіңмен көріп, сезіп, иіскеп, мауқыңды басу – сондай ғажап сезім. Оо сезім ол қорыққа бармаған кез-келген баланың орындалмаған арманы деп білемін.  Шоқ самауырынмен табиғатта шәй ішіп, шөліңді басқанға не жетсін, шіркін!!!! Бір күн болса да, осындай арманға қол жеткізе білдік. Осындай арманды орындауға ат салысқан мектеп директоры Индира Кенжетайқызына саяхатқа барған барлық оқушылар атынан алғыс білдіргім келеді. Рухани байлыққа кенелтуді мақсат еткен іс-шараларыңыз көп болсын!!!
№28 Құсмұрын орта мектебі 8-сынып оқушысы Байдильдина Ляззат.
ответил от amerikan

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
спросил от Aigerim в категории Животные, Растения
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
спросил от аноним в категории Путешествия, Туризм
0 голосов
9 ответов