Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
наурызым қорығына саяхат
спросил от amerikan в категории Путешествия, Туризм

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Науырзымға саяхат»
«Ел  боламын  десең – бесігіңді түзе» - деп дана халқым айтпақшы, жас ұрпақты елін сүю және құрметтеу, мақтан етуге үйрету үшін, олардың өз елін жетене танып алуларын алғы жоспарға қойған дұрыс.  Осы ретте өз өңірінің барша мақтанарлық аймақты жердерін тану – әрбір жас ұрпақтың бойына рухани дүние танымының дәнін онан сайын себелей берумен тең. Ел таныту, жерінің көркем, тамаша табиғатының сұлулығы мен асқан байлығын көрсету мақсатында №28 Құсмұрын орта мектебінің директоры Көбекова Индира Кенжетайқызының ұйымдастыруымен жас ерекшеліктері әр түрлі оқушыларымыз қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі А.Абуталипова және мектеп зертханашысы А. Бейсембиналармен бірге  облысымыздың ең көрікті жері – Науырзым қорығына саяхат жасап келдік. Елтанушыларымыздың Науырзым ауданына алғашқы сапары болғандықтан, бара жатқан жол ұзақ болып көрінгендей болды. Бара сала, Науырзым қорығының мұражайы алдында тұрып, қарсы алған қорық қызметкерлерінің алдында өздерін тұйық көрсеткен балалар мұражай ішіне кіріп, түрлі құстар мен жәндіктер, жорғалаушылар мен жануарлардың  түр-түрі суреттерін көріп, дүние танудағы аш көзділігі оянып, жаңа ақпаратты білудегі үлкен құлшыныстары өз деңгейіне көтеріле бастаған қалпы, өлкелік мұражай бөліміне өтіп, жануарлар мен құстардың макеттерін көру арқылы келген сапарларының жемісті екендігін түрлерін анықтауға болды. Әр макетпен жетене танысып, мұражай қызметкерлерінің әрбір сөзін мұқият тыңдап, фото суреттерін түсіріп, өздерін фотоға түсіріп, әлек болған түрлеріне қарап, тұрып, бейбіт елдің бәсекеге қабілетті балаларының күндері осындай жаңашыл, осындай нәтижелі болғанына шүкіршілік танытқан күйде бақылауда болдым. Қорықтың мұражайы,  кеңсесі ауласындағы неше түрлі әдемі қол өнер туындыларын көріп, ұстап, танып, біліп, фотоға түсіп, осындай керемет дүниелердің барлығына таң қалысты.   Осындай саяхаттар бола берсін.
 
 №28 Құсмұрын орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  Асемгуль Абуталипова
ответил от amerikan

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ