Еріншек рататуй
Ингридиенттері:
• Баклажан 2 дана
• Қызанақ 2 дана
• Сәбіз 1 дана (үлкен)
• Брынза 150гр.
• Сарымсақ 2 тілім
• Өсімдік майы
• Тұз
• Қаймақ 1-2 ас қасық
Дайындалуы:
Сіздерге рататуйды дайындаудың оңай жолын ұсынамыз. Баклажандарды тазалап, соңына жеткізбей кесіңіз, қалыңдығы 1 см болсын. Әр тілімін тұздап, 10-15 минутқа қойып қойыңыз. Содан соң оны жуып, салқын суда тұзы кету үшін 20 минут қойыңыз. Қызанақ, сәбізді тураңыз. Сәбізді қалыңдау етіп турағаныңыз жөн. Баклажан пісіп жатқанда кеуіп кетпес үшін әр қабатына май жағыңыз. Содан соң кезекпен сәбіз бен қызанақты қойып шығыңыз. Сарымсақты пресстен өткізіп, қаймақ, брынзаны араластырыңыз, оны баклажанға себіңіз. Баклажанның жанынан шимен қыстырып қойсаңыз. 180 градуста 40-50 минут пісіріп алыңыз. Соңғы 5-7 минутта гриль режиміне қойсаңыз, беті қызарып піседі. Дайын болған рататуйды алып, бетіне зелен сеуіп, дастарханға ұсыныңыз.
Асыңыз дәмді болсын!!!