Қалай арылтуға болады?
1. Балаға өте ауыр талаптар қоймаңыз, әрі тым асырып шабыттандырмаңыз. Бала болған соң өсу барысында көптеген қателіктер өткізеді. Егер оның әр қатесін жазғыра берсек, бала өзінің әр ісінен алаңдайды. Қате жасап жатыр екенмін деп ойлайды. Сөйтіп, әр іске қорғаншақ, жасқаншақтықпен кіріседі және оны өзгеге білдіргісі келмейді.
2. Балаға сыртқа шығу орайын көптеп беру керек. Басқалармен көбірек әңгімелесуге орай жаратыңыз. Ата-әжесі аялап өсірген балалардан да көп қорқақ балалар шығатыны анықталған.
3. Егер балаңыз қорғаншақ болса, оны батыр қылам деп тым асығып кетпеңіз. Әсіресе әкесі. Ана баланы сөз ұғуға, тәртіпті болуға баулиды. Әке анаға қарағанда батыл, ашық, сыртпен қарым-қатынасы мол, жұртпен сөйлескіш болады ғой. Әке, әсіресе ұл баланы өзімен ерте жүріп, әр неге жұмсап, сол іс төңірегінде көбірек әңгімелескенде ғана бала тұрмысқа, өз ісіне батылдана түседі. Бір ескерте кетер жайт, баланың қорқақтығы үшін «неге сонша ез, қорқақ болдың?» деп ұрыса көрмеңіз. Оның көп себебі өзіңізде жатыр, әкесі.