Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Saiynbek_pro в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Сабақтың тақырыбы: «Шаңырақ  жарастығы»
Сабақтың мақсаты: Балалардың “сыйластық”, “махаббат”, құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.
2. Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін қалыптастыру.
3. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, үнтаспа, “алтын сақа”, суреттер, апта күндері, киіз үй жабдықтары.
   
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ.
Үлкендерге сіз!
Кішілерге сіз!
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз!
Оқушылар келген қонақтармен сәлемдеседі.
- Сәлеметсіндер ме, менің аяулы жас достарым. Бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендердің барлығыңды жақсы көремін және жақынымдай сыйлаймын. Біз бүгін шаңырақ жарастығы туралы әңгімелесеміз. Қазақтарда  “Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік, босағаларыңыз мықты әрі бақытты болсың!” деген ізгі сәлемдесу сөздері бар. Мемлекетіміздің елтаңбадағы шаңырақтың бейнесі – біздің ортақ үйіміздің, Қазақстанда тұратын барлық адамдардың ортақ Отанының бейнесі болып табылады. Шаңырақтың мықтылығы берік уықтардан тәуелді болса, Отанымыздың бақыты оның әрбір адамнан тәуелді. Қазақстанның болашағы жас ұрпақтары, сендерсіңдер деп. Біздің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев алдағы болатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін жеңіп алып, отандастармыздан зор үміт күтуде. ЭКСПО-2017, балалар, сендерге түсінікті болуы үшін, Н.Назарбаевтің Парижде тұрып Қазақстанға деген үндеуін тыңдатуды жөн көрдім. (ЭКСПО-2017 туралы түсінік, Н.Назарбаевтің бейне үндеуі).
- Олай, болса балалар, біз Қазақстанға келетін қонақтарды күтіп алу үшін дайын болуымыз керек пе?
- Кәне, онда, алдымен біздің сыныпқа сабағымызға келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Данышпан атаның сиқырлы “алтын сақасымен” әр оқушы өз жанұясына жақсы тілектер айтады. “Алтын сақа” ертегісінен үзінді.
Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.
Мен шаңырағыма бақыт тілеймін.
Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін.
Мен шаңырағыма сыйластық тілеймін.
т.б.

“Мен қазақ баласымын” атты өленің айту. (Е.Өтетілеуов)
ӘҢГІМЕЛЕСУ.
1. Бір шаңырақтағы адамдарды кім дейміз?
2.    Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтып беріндер.
3.    Өз отбастарыңның сыйластығы туралы айтып беріңдер.
- Иә, дұрыс айтасындар балалар, бір шаңырақ астында тұратындардың бір-біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы, ынтымақтастығы, татулығы барлығы бір шаңырақ жарастығын құрайды.
Өздерін сөйлете отырып әр сөздерге түсінік алу.

ТОППЕН ЖҰМЫС.  
Оқушылардың денесін сергіту мақсатында “Отбасы” атты ойынды ұйымдастыру
Ойынның шарты мына үш үйге үш отбасы орналасуы керек. Әр отбасында қанша адам болу және қай отбасыға бөлінеді өз еркіндерінде. (Үнтаспадан әуен естіліп тұрады). Геометриялық фигуралармен үш топқа бөлінеді.
 
Үш топтың жұмыстары конвертке салынады.
І-топ. Оқушыларға қойылған сұраққа ауызша жауап береді.
1. Сендерге осы үйге барлығың сыйып кетуге нелер көмектесті?
2. Сіз отбасының қандай мүшесі болғыңыз келеді?
3. Отбасы тату тәтті өмір сүруі үшін не істеу керек?
4. Балалар қазақ халқы отбасында ата-бабаларының қандай салт-дәстүрін сақтаған?
ІІ-топ. Оқушыларға отбасы мүшелері бейнеленген суреттері беріледі. Оқушылар өз отбасында кімдер тұрғанын қалайтынын таңдап, киіз үй суретіне жабыстырады, соңынан сурет бойынша мәтін құрайды.
1. Суреттермен жұмыс.
2. Сурет бойынша мәтін құрастыру.
3. Мәтінге ат қою.
ІІІ-топ: Өз отбастарына шын жүректен ақ тілектеріңді алдарыңдағы кішкене жүрекшеге жазып мына үлкен жүрекке жабыстырыңдар.
Балалар, осы сөздердің ішіндегі ерекше  “Махаббат” деген сөзді алайық. “Ізгілік бастауы – махаббат” дейді. Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
а) Адамдардың бір-біріне шын сүйіспеншілігі.
ә) Адамдардың бір-біріне жақсылық тілеу.
    Махаббат бізді неге бөлейді?
а) Ата-анамызға деген мейірімділікке.
Дұрыс айтасыңдар яғни мына үлкен жүрек анамыздың жүрегі, ал мына кішкене жүректер, сендерсіңдер. Сендер аналарыңның махаббатына бөленіп тұрсындар.
МӘТІНМЕН  ЖҰМЫС.
“Сүйіспеншілік” туралы не білеміз? Балалар жауап береді.
“Сүйіспеншілік” А.Асылбеков. Сахналық қойылым ретінде түсіндіру.
Сұрақ-жауап.
- “Сүйіспеншілік бар жерде - байлық пен сәттілік бар” дегенді қалай түсінесіндер?
КҮН ШУАҒЫ ОЙЫНЫ.
Мерекелік кесте жасау.
Балалар әр күнді (үйдегі, сыныптағы, мектептегі) ұмытылмас мереке етіп өткізуге болады. Ол үшін мынадай мерекелік кесте жасап алу керек деп ойлаймын. Сендер қалай ойлайсыңдар?
 

Міне, көрдіңдер ме, балалар, шаңырақта әр күнімізді көңілді, қуанышты, қызықты да жақсы өмір сүру өз қолымызда екен.

“Көмек” өлеңін оқып, отбасындағы өз көмектерің туралы айтып беріңдер.
 


ДӘЙЕК СӨЗ.
“Шаңырақ сәні - сыйластық” халық мақалы.
- Шаңырақта сыйластық, , бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өз ара түсунісі шаңырақтын сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.
Әр бала отбасындағы бар қасиеттерді гүлшоғына жабыстырады.

 


ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ.
Үш топ бір-біріне жылы лебіздерін айтады. Әр бала қолдарына жүрек пішімді шарларды ұстап, Н.Әлімқұловтың “Балалы үй - базар” атты өлеңін айтады
    Мен мектепте оқимын,
    Інім болса бақшада
    Ақ мамама кім жетсін,
    Әлемдегі жақсы ана.
Соңынан бір-біріне шарларды шын көңілмен ұсынады .
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от аноним в категории Школы