Жеті ата – Халқымызда «жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» (мәтел) – деп жеті атасын біліп жұрудың жақсылығын айтады. Әр адам өзінің жеті атасын білгені – оның мәдениеттілігін, көрегенділігін, аталарының тәрбиелігін көрсетеді.
Ал егер білмесе халқымыз «жеті атасын білмеген жетесіз» деп оның жаман екендігін, тәрбиесіздігін айтып қатты сөккен. Жеті атаны үйрету барлық ата-аналардың басты міндеті, борышы болып табылады.
Жеті ата дегеніміз – өзінің, әкесінің, атасының, бабасының және оның арғы ата-бабаларының есімдерін білуі жеті атаны білгенге жатады.